Маңғыстауда Бекет атаның 275 жылдық мерейтойын өткізу мәселесі талқыланды

Маңғыстауда Бекет атаның 275 жылдық мерейтойын өткізу мәселесі талқыланды
Бүгін, 22 тамыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Бекет атаның 275 жылдық мерейтойын ұйымдастыруға арналған кеңес өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, ірі кәсіпорындар мен мекемелердің жетекшілері, сондай-ақ ақсақалдар қатысты.

Жиын барысында мерейтой аясында өткізілетін «Бекет ата Мырзағұлұлы - руханиятымыздың тірегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, спорттық және мәдени-шығармашылық бағыттағы жобалар талқыланды.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бекет атаның ел тарихындағы орнына ерекше тоқталып, мерейтойды жоғары деңгейде өткізу қажеттігін атап өтті.

- Біз халқымыздың рухани шамшырағы, сәулетші әрі ағартушы - Бекет Мырзағұлұлының 275 жылдығын лайықты атап өту мақсатында жиналып отырмыз. Бұл - ұлт рухын көтеретін, жас ұрпаққа үлгі болатын ерекше оқиға. Бекет ата - ел тарихының темірқазығы, халқына қалдырған асыл мұраның иесі. Сондықтан да, біздің міндетіміз - бұл мерейтойды лайықты атап өтіп, келер ұрпаққа өнеге қалдыру, - деді Нұрдәулет Қилыбай

Кеңес соңында өңір басшысы мерейтойға қатысты барлық шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар берді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі