Маңғыстауда бірқатар сала мамандары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Маңғыстауда бірқатар сала мамандары мемлекеттік наградалармен марапатталды

     15 тамыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес өңірдің су шаруашылығы, ауызсумен қамтамасыз ету, көлік, жол инфрақұрылымы және құрылыс салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады.

    «Құрмет» орденімен – «МАЭК» ЖШС жөндеу цехы бастығының орынбасары Вадим Жиембетов және «КАЕС Строй Ко» ЖШС бас инженері Бахтығали Қонақбаев марапатталды. ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені – «МАЭК» ЖШС жөндеуші-слесары Мұратбек Оразов пен «Еврострой-А» ЖШС ағаш ұстасы Сапармұрат Сариевке берілді. «Ерен еңбегі үшін» медалі – «МАЭК» ЖШС слесары Берік Туландиев, «Порт Құрық» ЖШС маманы Қайрат Батыров, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ ауысым басшысы Павел Зайцев, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ докер-механизаторы Абылай Оразбаев, «Альянс LTD» ЖШС инженері Светлана Бөлекбаева, жүргізуші Сәуірбек Олжабаев, «Zangar SG» ЖШС жұмыс өндірушісі Базарбай Тәжібаев және «Оңдасын Строй» ЖШС бетоншысы Шабай Шуақбаевқа табысталды.

      Салтанатты рәсімде аймақ басшысы марапат иелерін құттықтап, олардың ел дамуы мен өңір өркендеуіне қосқан еңбегін атап өтті.

– Ел дамуына сіңірген еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз. Бұл - болашаққа артылған үміттің белгісі. Марапаттарыңыз құтты болсын! «Еңбек Даңқы», «Ерен еңбегі үшін», «Құрмет» сияқты наградалар - маңдай тер мен табанды еңбектің нәтижесі. Бұған жеткен де бар, әзірге жете алмаған да бар. Әрине, лайықты азаматтар көп. Тағы да шын жүректен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жана берсін, дендеріңіз сау болсын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі