Маңғыстаудың алты ауылынан талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту көзделді

Маңғыстаудың алты ауылынан талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту көзделді

Маңғыстаудың алты ауылынан талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту көзделді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Маңғыстаудың 6 ауылынан талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту көзделген. Атап айтқанда, Ақкұдық, Жарма, Сазды, Басқұдық, Тиген, Ноғайты ауылдарынан талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту жоспарлануда. Осылайша облыстың барлық ауылдық елді мекендері кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Өңірлік цифрлық технологиялар басқармасының мәліметіне сәйкес, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы №949 қаулысымен «Қолжетімді интернет» байланыс саласындағы ұлттық жоба бекітілген болатын. Жоба аясында Ақкұдық, Жарма, Сазды, Басқұдық, Тиген, Ноғайты ауылдарынан талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) тарту көзделген.

Сонымен қатар, ұлттық жоба аясында республикалық автожолдар бойында әртүрлі биіктіктегі (40-тан 60 м-ге дейін) 13 антенна-діңгектік құрылым (АДҚ) салу жоспарланған. Атап айтқанда, Маңғыстау ауданында – 7, Бейнеуде – 4, Қарақияда – 1, Мұнайлы ауданында – 1 антенна-діңгектік құрылым салу жоспарланды.
 
Аталған 13 құрылымның бесеуі бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды. 8 антенна-діңгектік құрылым бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама кезеңінен өтуде. Қазіргі уақытта Қияқты және Тасмұрын ауылдарына кеңжолақты интернет қызметтерін ұсыну үшін ғарыштық байланыс жүйесінің ресурстарын пайдалана отырып, спутниктік арналар ұйымдастырылған.