5 тамыз күні Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Амиртаевты қабылдады. Жиында өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту жолдары, қала аумағында жасыл желектер отырғызу және оны баптау мәселелері айтылды.
Жиынға «Байтақ» жасылдар партиясының өңірдегі төрағасы Аллаберген Қонарбаев пен партия белсенділері қатысты. Кездесуде партия төрағасы өңір үшін маңызды экологиялық мәселелерге тоқталып, Қошқар ата қалдықтар қоймасының жай-күйі, Каспий теңізінің экожүйесін сақтау, көгалдандыру жұмыстарын жүйелендіру және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру бойынша бірлескен бағдарламалар құруды ұсынды.
Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай облыстың экологиялық мәселелерін кешенді шешу күн тәртібіндегі мәселе екенін айтып, ортақ істе бірлесіп жұмыс жасауға қолдау көрсетілетінін айтты.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі