Маңғыстауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты дөңгелек үстел өтті
Ақтау қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында «Отбасындағы зорлық-зомбылық – баланың болашағына төнген қауіп» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Ақтау қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі ұйымдастырды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы
Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің басшысы Камила Қылишеваның айтуынша, аталған мәселеге байланысты 1270 құқықбұзушылық дерегі тіркеліп, заңға сәйкес шешімдер қабылданды. Оның ішінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында 203 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылды.
-Іс-шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды сақтау және бала құқығын қорғау мәселелеріне назар аударту. Ақтау қаласы ПБ жедел басқару орталығының деректеріне сәйкес, жыл басынан бері 102 желісіне 17 500-ден астам хабарлама тіркелген. Профилактикалық жұмыстар жалғасуда, - деді Камила Қылишева.
Сондай-ақ, Ақтау қаласында отбасылық тұрмыстық қатынас саласында үнемі полицияға хабарлама беретін 102 отбасы анықталды. Олардың 46-на барып, тұрғылықты мекен-жайы бойынша профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.