2025 жылғы 6 маусымда Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратта компания атауына қатысты қате кеткенін хабарлаймыз.
«Mediterranean Shipping Company (MSC)» компаниясы «МСМ (Middle Corridor Maritime)» ЖШС-не және Құрық-Алят-Құрық паромдық рейстер жобасына ешқандай қатысы жоқ. Бастапқы мақалада компания атауы дұрыс көрсетілмей, қате жіберілген. Бұл қате түзетіліп, атауы «МСМ (Middle Corridor Maritime)» ЖШС ретінде өзгертілді.
MSC осы жобаға қандай да бір қатысы барын жоққа шығарады.