КҮЗГІ- ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕ 2000 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ

КҮЗГІ- ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕ  2000 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ
Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселелері жөніндегі жедел штаб отырысы өтті.
​Жиында КВИ таралуының алдын алуға байланысты ағымдағы жағдай туралы және медицина персоналын даярлау, денсаулық сақтау объектілерін жабдықтау бойынша қабылданған шаралар туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева баяндады.
​Маусымдық инфекциялық сырқат болған жағдайда медицина мамандары мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Науқастарға арналған төсек орын толығымен дайын. Ем -шара жүргізуге 2000 медицина қызметкер жұмылдырылады. Оның ішінде дәрігерлер саны – 282. Орта медициналық персонал-600. Кіші медициналық персонал-450. Бұдан бөлек 700 астам басқада да мамандар тартылмақ. Бүгінгі таңда елімізде халықты вакцинациялау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Маңғыстау облысында барлығы 70 000 адам вакцинациядан өтеді. Бүгінгі күні тұмауға қарсы екпені -19 393 адам қабылдаған.
​Сондай-ақ, жиында жедел жәрдем қызметі, жеке қорғану құралдарын дайындау және объектілерді ашуға дайындық бойынша топтардың жұмысы туралы облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов мәлімдеді.
Облыс бойынша өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараттары бұрын 95 болса қазір 260 көбейген. Ал оттегі концентраторы 30-дан 564 көбейді. Бөлінген бюджеттің қаржысына, демеушілік және гуманитарлық көмек арқылы 2 айға жететін 825 көп реттік, 31 234 бір реттік қолданылатын костюмдер, 2 млн. дана маскалар 29 650 қолғаптар және басқа жеке қорғаныс құралдарыменен медициналық ұйымдар қамтылған.
Облыс бойынша 274 дәріханада шамамен 400 000 дана медициналық бетперделер бар.
Облыста төрт категория бойынша халыққа медициналық қызмет көрсететін барлығы 198 автокөлік бар, оның 120-і тұрғындарда қызмет көрсетсе, 16-на жөндеу қажет, ал 62-і автокөлті есептен шығару жоспарланған.
Жыл басынан бастап демеушілік көмекпен 7 автокөлік (реанимобиль) облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына берілген. Тағы жыл аяғына дейін автопаркті қосымша толықтыру үшін «БРК-Лизинг» арқылы 52 автокөлік әкелінбек.
Сондай-ақ жедел жәрдем қызметі бұрын тәулігіне
10 диспечермен облыс бойынша орташа есеппен 600 қоңырау қабылдаса, короновирус инфекцияның өршуі кезінде қоңыраулар саны тәулігіне 2 мыңға жуық өсіп, оның тек 700-і қабылданды. Енді демеушілік комегімен АТС құрылғысы алынып, нәтижесінде 2 мыңға жуық қоңырауды 15 диспечермен өңдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бір тәулігіне 7 диспечер, 2 дежурный кезекші дәрігер және бас дәрігер орташа 600 қоңырау қабылдап отыр.
Бұдан бөлек жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов денсаулық сақтау нысандарын күз-қыс мезгіліне дайындау бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.
Қазіргі уақытта өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 38 нысанның құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
​Ақтау қаласы бойынша 3 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде және инфекциялық аурухана салынуда. ​Облыстық ауруханада және балалар ауруханасында жұмыстар қазан айының 1-нде аяқталады. Сондай –ақ, инфекциялық аурухананың құрылысы 65% орындалған.
Жиын соңында облыс әкімі жағдайды үнемі бақылауда ұстап отыруды тапсырды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі