Маңғыстау облысының үш ауылында мәдениет үйі салынып жатыр
Маңғыстауда биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 3 мәдениет нысанының құрылысы басталды. Олардың қатарында Мұнайлы ауданындағы Батыр, Атамекен ауылы және Жаңаөзен қаласы Рахат ауылындағы мәдениет үйі бар. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали айтты.
Спикердің айтуынша, қала, аудан аумағында мәдени инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп, халықтың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Облыста 3 мәдениет нысанын салуды, 15 мәдениет нысанына жөндеу жұмыстары басталды.
-Осы жылы Бейнеу ауылынан «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша аудандық орталық кітапхана құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда. Ал, қазіргі уақытта Шетпе ауылынан 600 орындық мәдениет үйін салуға Ақтау қаласы Өмірзақ ауылынан мәдениет үйін салуға жобалық сметалық құжаттама дайын. Маңғыстауда биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 3 мәдениет нысанының құрылысы басталды. Олардың қатарында Мұнайлы ауданы Батыр, Атамекен және Жаңаөзен қаласы Рахат ауылындағы мәдениет үйі бар. Сондай-ақ, облыстық мемлекеттік архивтің Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарындағы филиалдарының жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды,- деді Нұртас Сали.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Ақтау қалалық орталық кітапхананың №9 филиалының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталды.
Маңғыстау ауданы Ұштаған, Қызан, Тұщықұдық, Онды, Шайыр ауылдық мәдениет үйлері және Бейнеу ауданы Боранқұл ауылдық мәдениет үйі ғимараттарының ағымдағы жөндеу жұмысы бойынша мердігерлермен келісім шарт жасалып, жөндеу жұмысы басталуда.