Ақтауда өткен азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне 500-ден аса тұрғын келді

Ақтауда өткен азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне 500-ден аса тұрғын келді

22 мамыр күні Ақтау қаласында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс әкімінің тапсырмасымен азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Облыс әкімдігіне кезектілік тәртібімен жазылған тұрғындар белсенділік танытып, мәселе айту үшін аймақтың түкпір-түкпірінен жиналды. Қабылдау ашық алаңына 500-ден астам тұрғын келіп, өз өтініш-тілектерін тікелей жеткізді.

Бірыңғай қабылдау таңғы сағат 09:00-де басталып, кешкі 20:00 дейін жалғасты. Азаматтарды облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан әкімдері, басқарма мен департамент басшылары, прокуратура, сот қызметкерлері жеке қабылдады. Азаматтардың басым бөлігі жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй алу, білім сапасы мен туризм, денсаулық сақтау және жеке тұрмыстық мәселелерін көтерді. Әрбір өтінішке заң аясында жан-жақты түсініктеме беріліп, тиісті жауаптар мен нақты шешу жолдары ұсынылды. Бірқатар өтініштер сол сәтте шешімін тапты.

Тұрғындар өз үнін билік өкілдеріне тікелей жеткізе алғандарына ризашылықтарын білдіріп, осындай бастамалардың тұрақты түрде өткізіліп тұруын сұрады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі