Бүгін, 21 мамыр күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласынан тұрғын үй алуға ақша салған тұрғындарды жеке қабылдап, олардың тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға «АМИР», «Grand Avenue2», «Керуен», «Qazyna House», «Кербез» және «Мұрагер» тұрғын үй кешендерінің салымшылары қатысып, құрылысы толық бітпей, шешімін таппай келе жатқан түйткілдерін ортаға салды.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындардың заңды талап-тілектері ескерусіз қалмайтынын айтты. Сондай-ақ, ол арнайы жұмыс тобына тұрғындармен кездесіп, мәселені заң аясында шешуді тапсырды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі