Есенов университетінің зерттеушілері әлемдік тағылымдамадан өтуде

Есенов университетінің зерттеушілері әлемдік тағылымдамадан өтуде

Есенов университетінің зерттеушілері әлемдік тағылымдамадан өтуде

Есенов университетінің 20-ға жуық жас зерттеушісі «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының аясында шетелдің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуде. Бұл бағдарлама «Халықаралық бағдарламалар орталығының» қолдауымен жүзеге асырылып, қазақстандық ғалымдарға заманауи зертханаларда жұмыс істеуге, халықаралық ғылыми жобаларға қатысуға және әлемдік деңгейдегі мамандармен тәжірибе алмасуға жол ашып отыр.

Тағылымдамалар әлемнің беделді оқу орындарында өтіп жатыр. Атап айтар болсақ, АҚШ – Harvard University, Michigan State University, George Washington University, University of California San Diego, University of Illinois Urbana-Champaign, Германия – Technical University of Berlin, Hamburg University of Applied Sciences, Anhalt University of Applied Sciences, Ұлыбритания – University of Reading.

Ғалымдар білім беру менеджменті, құқық, ақпараттық технологиялар, экологиялық инжиниринг пен энергетика, оның ішінде жасыл және сутекті энергетика бағыттарында тәжірибе жинақтауда.

Бұл бастама қазақстандық ғылымның сапасын жаңа деңгейге көтеріп, еліміздің ғылыми әлеуетін жаһандық аренаға шығаруға тың серпін береді.

Қоғамдық коммуникация орталығы