Ақтауда «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми–шығармашылық конкурсы өтті

Ақтауда «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми–шығармашылық конкурсы өтті

Ақтауда «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми–шығармашылық конкурсы өтті

Бүгін Ақтауда «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми–шығармашылық конкурсы өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілі Гульнар Калимжанова, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, Әбіш Кекілбаевтың туыстары, қазылар алқасы, қатысушылар мен жетекшілер, БАҚ өкілдері қатысты. Байқауға қатысқан 158 оқушы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері, замана заңғары Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан мәнерлеп оқу, зерделеу, жоба байқауы, иллюстрациялық сурет салу және сахналық қойылым бағыты бойынша бақ сынады. Байқаудың мақсаты - оқушыларға қарымды қаламгердің шығармашылығы мен рухани мұрасын насихаттау.

Конкурстың 4 бағыты бойынша 72 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оларға Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің дипломдары және «Меломан» кітап дүкенінің сертификаттары табысталды.
Сонымен қатар, барлық бағытта жоғары ұпай жинап, үздік нәтиже көрсеткен командалар «Ең үздік команда» номинациясына ие болды. Байқау қорытындысына сәйкес жеңімпаз командаларға Қазақстан Республикасы Оқу–ағарту министрлігі атынан І, ІІ, ІІІ орын дипломдары табысталды:
І орын – Атырау облысы;
ІІ орын – Алматы қаласы;
ІІІ орын – Жамбыл облысы.

Айта кетейік, аталған ғылыми – шығармашылық конкурсы 2018 жылдан бастап республикалық деңгейде өткізіліп келеді.