Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
12 сентября 2023
2023 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында аудандық әкім сайлауы өтеді

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясында Бейнеу ауданы әкімінің сайлауын пилоттық режимде өткізу туралы шешім қабылданды. Әкім сайлауы 2023 жылдың 5 қарашасында өтеді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сессия отырысына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, VIII шақырылған облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев және депутаттар қатысты.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің сайлау жүйесін жетілдіру туралы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған тапсырмасына сәйкес, елді мекендердің тұрғындары тікелей сайлау арқылы ауыл әкімдерін таңдау құқығына ие болды. Сондай-ақ, азаматтарды әкім лауазымына өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік берілді. Осы жаңашылдыққа сәйкес Маңғыстау облысында ауылдар мен ауылдық округтердің 37 әкімі сайланды.

Нұрлан Ноғаев келесі кезең аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау болатынын атап өтті.

- Мемлекет басшысы өңірлік деңгейде саяси процестерді дамыту қажеттігін атап өтті. Егер бұрын әкімдерді жанама құқық негізінде мәслихат депутаттары таңдаған болса, онда 2025 жылдан бастап аудан басшыларын тұрғындардың өздері сайлайтын болады. Бұл тарихи қадам әр азаматтың өз аймағының болашағын қалыптастырудағы дауысының маңыздылығын көрсетеді. Әкімдерді сайлаудың жаңа жүйесі жергілікті деңгейде басқару үдерістерінде жауапкершілік пен ашықтықты арттырып, азаматтардың мемлекеттік органдардың шешім қабылдау үдерісіне ықпалын күшейтуге жаңа серпін береді, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Депутаттардың бірауыздан бекітілген шешімімен Маңғыстау облыстық мәслихатының кезектен тыс IV сессиясында пилоттық әкім сайлауын өткізу Бейнеу ауданында өтетін болып бекітілді. Аудан әкімінің сайлауы 5 қарашаға жоспарланған.

11 сентября 2023
Ақтауда салық саласын цифрландырудың маңызды аспектілері талқыланды

Ақтауда Салық кодексінде цифрландыру және салықтық әкімшілендіру тақырыбында конференция өтті. Мұнда камералдық бақылау, тәуекелдерді бағалау мен деңгейлес мониторинг мәселелері қаралды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Конференцияға ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев, Жоғарғы Сот мүшелері, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылары, өңірлік Мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдері, облыстық соттардың судьялары, басқа да мемлекеттік органдар мен салық төлеушілер қатысты. Сондай-ақ, салық төлеушілер спикерлерге өз сұрақтарын қойды.

Жиында келісідей өзекті мәселелер қаралды:
▪️Қосылған құн салығының және өзге де салықтардың бір бөлігін өңірлерге беру; ▪️Жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыру;
▪️Салық жеңілдігін сын көзбен зерделеп, оның көлемін кем дегенде 20 пайызға қысқарту;
▪️Өңдеу өнеркәсібін қолдау үшін шетелдің және еліміздің инвесторларын бастапқы үш жылда салықтан және басқа да міндетті төлемдерден босату;
▪️Салықтық бақылау ісін толық цифрландырып, есептілік формаларын 30 пайызға қысқарту;
▪️Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің санын кемінде 20 пайызға азайту;
▪️Айтарлықтай түсім әкелмейтін төлемдерді толығымен алып тастап, қалғандарын біріктіру мәселелері қаралды.

Жұмабай Қарағаев мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтардың арасында байланысты нығайту арқылы екіжақты тиімді жұмыс жүргізу маңызды екенін атап өтті.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында өңірлердің дамуына ерекше мән беріп, Салықтық реформаны жүзеге асыруға қатысты келесі негізгі бағыттарда жұмыс атқаруға тапсырма берді. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың алдында осындай ауқымды тапсырмалар, соның ішінде бизнес қоғамдастықтарының ертеңгі күнге сенімділікпен қарайтындай жаңа жүйе қалыптастыру міндеті қойылып отыр.
Өздеріңізге белгілі, Мемлекеттік кірістер органдары біртұтас фискалдық органды құрай отырып, бюджеттің түсімін қамтамасыз етумен қатар Қазақстан бизнесінің дамуына қолайлы орта туғызудағы негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Осы бағытта жасалған реформалардың тиімділігінің оң нәтижесін көріп отырмыз және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады, - деп атап өтті Жұмабай Қарағаев.

Оның айтуынша, ең алдымен салық тексерістерін қысқарту мен мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша шаралар қабылданған. Салық жүйесін реформалаудағы негізгі бағыттың бірі – жанама салық салу механизімін жетілдіру. Бұл жердегі саясат салық әкімшілендіру  құралдарын жақсарту арқылы салық салу базасын өсіру және бизнесті көлеңкеден шығару болып табылады.

2023 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша облыста 18 311 заңды тұлға және 73 020 дара кәсіпкер тіркелген. Бұл көрсеткіштер соңғы 3 жылда сәйкесінше 7,5 %-ға және 69,9 %-ға өскен.

Облыстағы барлық кәсіпорындардың жұмысшыларының жалақы қоры да 2020 жылдан бергі кезеңде 561,0 млрд.теңгеден 2023 жылдың болжамдық көрсеткішін есептегенде 968,8 млрд,теңгеге немесе 72,7%-ға артты.  

Жергілікті бюджетке салықтық түсімінің көлеміде ұлғайған: 2020 жылы 134,5 млрд.теңгені құраған болса, 2021 жылы жылда 168,8 млрд.теңгеге, 2022 жылы 201,1 млрд.теңгені құрады. Бұл динамика салық саласындағы енгізілген реформалармен цифрландыру жүйесінің оң нәтиеже бере бастағанын көрсетеді.

11 сентября 2023
Маңғыстауда күзгі әскерге шақыру басталды: 577 әскерге шақырылушы әскери қызметке қабылданады

Маңғыстауда күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Шақыру науқаны аясында өңірден 577 адам әскери қызметке шақырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

31 әскерге шақырылушының алғашқы легі Алматы облысында орналасқан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жіберіледі.

2023 жылы арнаулы оқу орындарын бітіретін азаматтардың ішінен әскер қатарына баруға ниет білдіргендерін қорытынды аттестаттау емтихандарын мерзімінен бұрын тапсыртумен, әскер қатарына жөнелту көрсеткіштің жоғарлауына ықпал етті.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстанның әрбір азаматы үшін әскерде қызмет ету маңызды екенін айтты. Өйткені ел шекарасын ықтимал қауіптерден қорғау-әр адамның қасиетті борышы.

-Әскердегі қызмет-бұл әскери өмірмен танысу ғана емес, Отанды ықтимал қауіптерден қорғауға машықтану, қасиетті борыш әрі Қазақстанның әрбір азаматының міндеті. Ата - бабадан мұра болып жеткен кең байтақ жерімізді қорғау және оны болашақ ұрпаққа жеткізу. Біз құрлықта, суда және аспанда шекарамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарулы Күштерімізді нығайтуымыз керек, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Еске сала кетейік, қазір әскерде қызмет еткен азаматтар Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) өтпей-ақ, жоғары оқу орынына түсе алады. Сонымен қатар, банк алдында берешегі болған жағдайда, мемлекет оларға әскерде қызмет етіп жүрген уақытында бір жыл мерзімге несиені төлеу уақытын тоқтата тұрады. Бұл бастама азаматтардың әскерде қызмет етуге деген ынтасын арттырып, әлеуметтік қолдау болады.

11 сентября 2023
Ақтауда Маңғыстау облысы мен Өзбекстан арасындағы сауда қатынастарын дамыту мүмкіндіктері талқыланды

Ақтауда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов Өзбекстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті, жүздесу барысында тараптар Маңғыстау мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда қатынастарын нығайтуды талқылады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде ынтымақтастық талаптары, соның ішінде көлік-транзиттік әлеует, тауар экспорты, ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдау жұмыстары талқыланды.

Қанат Құлжанов өңірдің өзара тиімді ынтымақтастыққа дайындығын атап өтті.

-Бұл кездесу Маңғыстау облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту және достық қатынастарды қолдау бағытындағы маңызды қадам болды. Біз болашақта осы серіктестік диалогты дамытуды жалғастыруға мүдделіміз. Маңғыстау облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артуы біздің ынтымақтастығымыздың зор мүмкіндігін білдіреді. Біз мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және туризм секторларында ілгерілеуді көріп отырмыз. Алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеуге, тәжірибе алмасуға дайынбыз, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Қанат Құлжанов.

Тараптар шағын және орта бизнес өкілдерін белсенді тартуды қоса алғанда, екі елдің кәсіпкерлік топтарының байланыстарын нығайтуға өзара қызығушылық білдірді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Маңғыстау облысында өзбек капиталының қатысуымен түрлі салаларда 140 кәсіпорын тіркелген.

Маңғыстаудың Өзбекстанмен сыртқы сауда айналымы 2023 жылдың алғашқы алты айында өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өскен.

Экспорт пен импорт та айтарлықтай артқан, бұл өңірлер арасындағы сауда қатынастарының дамуын көрсетеді.

08 сентября 2023
Маңғыстауда Адай жылқыларымен халықаралық ат марафоны өтеді

Ақтауда Адай жылқыларын асыл тұқымды мал ретінде сынақтан өткізуге байланысты мәселелер талқыланды. Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі-2023 жылдың қазан айына жоспарланған адай жылқыларының төзімділігі мен жылдамдығын көрсету үшін ұйымластырылатын халықаралық ат марафонының егжей-тегжейін талқылау болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға "Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты" ЖШС басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Айбын Төреханов, Бүкілресейлік жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Александр Зайцев, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің жылқы шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Дәурен Сыдықов, өңір басшысының орынбасарлары, сондай-ақ Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов пен облыстық Спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаев қатысты.

Жиында Адай жылқы тұқымын сынақтан өткізуді дайындау бойынша атқарылған жұмыстар айтылды. Комиссия “Адай жылқыларының популяциясының генетикалық құрылымын қазіргі заманғы генотиптеу технологияларын пайдалана отырып анықтау, жаңа желілерді, типтер мен тұқымдарды қалыптастыру және сынақтан өткізу" жобасын мақұлдады.
Сондай-ақ, Бүкілресейлік жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен Адай жылқыларына STR әдісімен молекулалық-генетикалық талдау жүргізу туралы келісім жасалды.

Кездесуде адай жылқыларының төзімділігі мен жылдамдығын көрсету мақсатында Маңғыстауда 100 шақырымдық ат марафонын ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Халықаралық жарыс ағымдағы жылдың қазан айында өтеді деп жоспарлануда. Оған аталған тұқым жылқыларының қабілетін бағалау үшін халықаралық Ат спорты федерациясының (International Federation for Equestrian Sports) төрешілері қатысады.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Адай жылқылары Маңғыстаудың бірегей байлығы ретінде, қазақ мәдениеті мен тарихында ерекше орын алатынын айтып, оны сақтау және одан әрі таныту үшін әрдайым қолдау білдіретінін жеткізді.

- Жылқылар біздің халқымыздың мәдениетінде әрқашан маңызды рөл атқарды. Адай арғымақтары-шөл жағдайында да алыс жолдарға жүре алатын ерекше тіршілік иелері. Олар ұзақ қашықтықтағы халықаралық марафондарға қатысып қана қоймай, керемет нәтижелер көрсетіп жүр. Өткен жылы біздің Адай жылқыларына мінген шабандоздарымыз "Ұлы Дала Жорығы" республикалық марафонында бірінші орынды иеленді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Адай жылқы тұқымын Маңғыстаудың бірегей қазынасы деп танып, бұл тұқымды әлемге таныту, тағы бір тамаша жетістік болатынын атап өтті. Біз әрқашан Адай жылқыларының тұқымын асыл тұқымды мал ретінде сынақтан өткізуге қолдау көрсетуге дайынбыз, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

07 сентября 2023
Мұнайлы ауданында 2024 жылдың соңына дейін орталық аудандық аурухана пайдалануға беріледі

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен аппараттық кеңесте облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау және балық шаруашылығы салаларындағы кешенді жоспарды орындауға байланысты негізгі мәселелері қаралды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров өңірді кешенді дамыту жоспары аясында денсаулық сақтау аясында 2023 жылға 12 маңызды іс-шараны іске асыру жоспарланғанын атап өтті.

Осындай іс-шаралардың бірі Ақтау маңындағы Рауан тұрғын алабында жұмыс істейтін, ауысымда 50 адам қабылдауға арналған медициналық амбулатория құрылысы. 2022 жылы жеке инвестордың қолдауымен құрылысы басталған нысан 2023 жылы пайдалануға берілді.

2023 жылға арналған медициналық амбулаториялар салу жоспарына сәйкес, жеке инвестициялық жобалардың аясында С. Шапағатов ауылында медициналық амбулатория салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының Ақбұлақ шағынауданында медициналық амбулатория құрылысын аяқтау үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.
Келешекте Мұнайлы ауданындағы орталық аудандық аурухананың құрылысын аяқтау және оны 2024 жылдың соңында пайдалануға беру көзделіп отыр.

Ақтауда 34 "А" шағынауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік құралы арқылы жүзеге асырылатын ауысымына 300 келушіге арналған емхана салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс өткізу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.

Бұдан басқа, дамудың кешенді жоспарына сәйкес Бейнеу ауданы Тәжен ауылында және Қарақия ауданы Аппақ ауылында медициналық пункттер салу жобаларын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.

Нұрлан Ноғаев халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға баса назар аудару керек екенін айтты.

- Ауруханалар мен емханалардың құрылысын бақылау - біздің қоғам алдындағы міндетіміз. Ауруханалар мен емханалар салу-бұл жәй ғана ғимарат салу емес, бұл тұрғындардың ауыл не қалада өмір сүретініне қарамастан денсаулығы мен болашағына инвестиция салу деген сөз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына соңғы Жолдауында медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы аталған кешенді жақсартуға ерекше назар аударуды айтты. Президент сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы резидентурада оқуға арналған гранттар санын келесі жылдың басынан бастап үш жыл ішінде 70%-ға арттыруды тапсырды. Бұл шаралардың барлығы ұлт денсаулығын жақсартуға бағытталған, - деді Нұрлан Ноғаев.

Сондай-ақ, аппараттық кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары шеңберінде облыстағы балық шаруашылығының жұмысына байланысты маңызды мәселелер талқыланды. Жиында балық шаруашылығының жаңа субъектілерін құру және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктер санын арттыру, балық шаруашылығын дамыту үшін жер учаскелерін беру, балық өсіруге қажетті инфрақұрылым салу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазіргі уақытта өңірде тауарлық балық өсіруге маманданған 3 кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Бұл "Kazakh Osseter" ғылыми-өндірістік кәсіпорны ЖШС, "Caspian Riviera" ЖШС және "Nataly Company" ЖШС.

Бұдан басқа, Форт-Шевченко қаласында "CaspyAltynBalyk" ЖШС тұйық сумен жабдықтау қондырғысын пайдалана отырып, бекіре балықтарын өсіру және кейіннен қайта өңдеу жөніндегі жобаны іске асыру белсенді жүргізілуде. Бұл жобаны 2024 жылы іске қосу жоспарлануда, бұл аймақтағы балық өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді.

06 сентября 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Президентінің 03.03.2022 жылғы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, 2023 жылы Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың елді-мекендерде халықпен кездесулері өткізілед

05 сентября 2023
Жаңаөзенде сорғы-компрессорлық құбырлар және сорғы штангаларын шығаратын зауыт ашылады

Маңғыстауда "KazPetroDrilling" АҚ компаниясының 17 млрд теңгеден астам инвестиция бөлуімен сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын шығаратын зауыт ашылады. Жаңаөзен қаласында бой көтеретін өндірісті 2024 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Бұл жоба Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев пен "KazPetroDrilling" АҚ вице-президенті Қайырбек Елеусінов қол қойған меморандум аясында жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 51 мың тонна сорғы-компрессорлық құбырлар мен 540 мың сорғы штангаларын шығаруға жететін болады. Жобаның құрылыс кезінде 150-ден астам жұмыс орны және пайдалануға берілгеннен кейін 330 жұмыс орны құрылады.

"KazPetroDrilling" АҚ вице-президенті Қайырбек Елеусінов бұл жобаның маңыздылығын, оны іске асыру импорт алмасу және өңірлік кадрларды дамыту сияқты маңызды мәселелерді шешуге көмектесетінін атап өтті.

Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары рұқсат етілген заң шеңбері аясында "KazPetroDrilling" АҚ-на қолдау көрсетуге дайын.

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, экономиканың өсуі мен әртараптығына қол жеткізудің негізгі факторы инвестициялар тарту және индустрияны дамыту болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, Маңғыстау - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын Қазақстандағы жетекші өңірлердің бірі және стратегиялық маңызды орынға ие. Бүгінгі жасалған меморандум шеңберінде Жаңаөзен қаласындағы "Технопарк" өндірістік алаңының жанында құбыр өнімдерін шығаратын зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыру көзделеді. Бұл бастама қосымша жұмыс орындарын ашуға, өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және экономиканы дамытуға, сондай-ақ экспорттық мүмкіндіктерді арттыруға ықпал етеді, - деп атап өтті Жұмабай Қарағаев.

"KazPetroDrilling" АҚ-1965 жылдан бастап мұнай сервистік қызмет көрсететін Қазақстан Республикасындағы ірі тәуелсіз бұрғылау компаниясы. Компания ұңғымаларды бұрғылау, жөндеу және ликвидациялау, гидравликалық қабатты жару, ұңғымаларды цементтеу және мұнай-газ секторының қажеттіліктері үшін мұнай жабдықтарын өндіру саласында қызметтердің кең спектрін ұсынуға маманданған.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 23 тамызында Маңғыстау облысында құбыр өнімдерін шығаратын зауыт салу туралы меморандумға қол қойылған болатын.

04 сентября 2023
Маңғыстауда су тұщыту зауытының құрылысы басталды

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевпен бірлесіп жаңа су тұшыту зауытының құрылысын бастады. Жоба Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр болатын Тоқмақ (Қарақия ауданы) жерінде теңіз суын тұшыту зауытын салу Жаңаөзен қаласы халқының ауыз суға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңаөзен қаласы Еділ суын Қиғаш өзені арқылы "Астрахан-Маңғышлақ" құбырынан алып, тұтынады. Бұл Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар елді мекендердің халқы үшін судың жалғыз орталықтандырылған көзі. Су тұтыну көлемі халық санының өсуіне және жаңа кәсіпорындардың пайда болуына байланысты жылдан-жылға артуда.

-Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, Маңғыстау облысына сапары барысында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға сумен жабдықтау мәселесін шешумен айналысуды тапсырды. Өңірде осы міндетті орындау үшін бірнеше жоба белсенді іске асырылуда. Олардың ішінде Тоқмақ аймағында су тұшыту қондырғысын салу жобасын атап өткен жөн. "ҚазМұнайГаз" компаниясының еншілес мекемесі-"Өзенмұнайгаз" әзірлеген бұл жобаны іске асыру "Астрахан-Маңғышлақ" су құбырынан су тарта отырып, Жаңаөзен қаласы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл туризмді, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытуға мультипликативті әсер етеді. Сондай-ақ халыққа жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал болады, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Мағзұм Мырзағалиев өңірдің әлеуметтік даму саласында жоба стратегиялық маңызды болып табылатын айтты.

- Компания орналасқан жердегі қызметкерлеріміздің және ондағы тұрғындардың тың әлеуметтік жай-күйін қалыптастыру, біздің жұмысымыздағы маңызды басымдылықтардың бірі. Бұл Мемлекет Басшысының Жаңаөзен қаласының тұрғындары үшін ауыз су тапшылығы мәселесін түбегейлі шеше отырып, сапалы әрі қысқа мерзімде орындалуы тиіс деген тікелей тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан жоба, - деді “ҚазМұнайГаз” АҚ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

Су тұшыту зауытының құрылысы өңір үшін жүздеген жаңа жұмыс орынын қалыптастырады. Құрылыс кезеңінде 240-тан астам адам, ал зауыт жұмысын бастаған соң 100-ден астам тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтап, 2025 жылдың көктемінде зауытты жобалық қуатқа шығару жоспарланған.

04 сентября 2023
Ақтауда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 60 жылдығы аталып өтті

Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның 60 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, сала ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Шара аясында мұнай-газ саласының ардагерлері мен қызметкерлері «еңбек ардагері», «мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» және «мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгілерін, ҚР Энергетика министрлігінің марапаттарын алды. Олар сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-нан грамоталар мен естеліктер, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың алғыс хаттарына ие болды.

Өңір басшысы мұнайшыларды құттықтап, олардың облыс экономикасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ризашылығын білдірді.

-Мен Маңғыстау тұрғындары мен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның мұнайшыларын 60 жыл бойы мұнай-газ өнеркәсібіне қосқан баға жетпес үлесі үшін ризашылығымды білдіре отырып, құттықтағым келеді. Сафи Өтебаев, Нәсіпқали Марабаев, Николай Петров, Жолдас Тоқжанов, Қайып Азанбаев, Валентин Токарев, Халел Өзбекғалиев, Салық Рысқалиев, Хасан Тәжиев, Ләззат Қиынов, Сағын Қырымқұлов, Өрен Сағындықов сияқты Маңғыстау мұнайын алғашқы болып ашқан жандардың есімі біздің мақтанышымыз. Бүгінде тарихы терең өнекәсіп осындай тұлғалардың қажырлы еңбегінің нәтиежесінде. Компания мұнайшыларының күнделікті толассыз жұмысы осы саланың өркендеуі мен дамуына жол ашуда. Құрметті мұнайшылар, сіздер үшін бүгінгідей маңызды мерекеде құттықтауымды қабыл алыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық пен амандық тілеймін!- деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау мұнайының тарихы 1961 жылы Жетібай кен орнында алғаш атқылаған мұнай фонтанынан, осыдан 60 жыл бұрын басталды. Бұл сәт аймақтағы мұнай өнеркәсібінің алғышарты болды.

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы өңірдің дамуы үшін жан-жақты қолдау көрсетуде. Мұндағы еңбек ұжымы әлеуметтік-кадрлық саясат пен өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын қоса алғанда, түрлі салаларда озық тәжірибе көрсетуде.

Компания сонымен қатар, әлеуметтік бағдарламаларға және өңірдің инфрақұрылымын дамытуға белсенді қатысуда.

Салтанатты шара қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті әртістер қатысқан концерттік бағдарламамен аяқталды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы