Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
25 октября 2024
Ақтауда жылу желілерін қалпына келтіру үшін 25 бригада тынымсыз тер төгуде

Ақтаудағы жылу желілеріндегі ақауларды қалпына келтіруге 150-ге жуық коммуналдық сала мамандары жұмылдырылды.

Қазір қалада жылу желілерінде орын алған 27 ақау жөнделіп жатыр. Оған Ақтау әкімдігі тарапынан 6 жұмыс тобы және «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінен 11 бригада және Жаңаөзен қаласынан арнайы келген 8 бригада жұмылдырылды. Олар тұрғындардың үйлеріне жылудың тезірек жетуіне барын салуды.

-Ақтауға Жаңаөзен қаласынан «Өзенмұнайсервис» мекемесінен келдік. Жаңаөзеннен 8 жұмыс тобы келді. Қаладағы құбырлардың біразы ескірген екен. Ақтаулық жігіттерге әр шағын аудан бойынша сол құбырларды ауыстыруға көмектесіп жатырмыз, - деді «Өзенмұнайсервис» мекемесінің дәнекерлеушісі Қазихан Байбозов.

-Қасымызда арнайы дәнекерлеушілер, слесарь жөндеушілер барлығы атсалысып жұмыс жасауда, - деді «ҚазақГазӨңдеу» зауытының шебері Әсет Айтқұлов.

Тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп жатқан жұмыс бригадаларына қала кәсіпкерлері ыстық шай мен бәліштер үлестірді.

Ақауларды жөндеу жұмыстарына барлығы 49 техника жұмылдырылған.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

24 октября 2024
Маңғыстау облысының әкімі өңір жастарымен кездесті

Бүгін, 24 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір жастарымен кездесті. Кездесуге 14-35 жас аралығындағы Ақтау қаласының және аудандардан келген белсенді жастар мен қоғам белсенділерінен жиналған барлығы 300 ден астам адам қатысты. Іс-шара еркін, сұрақ-жауап форматында өтті.

Жиынға қатысушылар облыс басшысына жастар мәселесіне қатысты көкейдегі орамды ой-ұсыныстарын ортаға салды. Жастардың бір тобы облыс әкіміне білім, өнер, спорт, руханият салаларында кездесетін қиындықтарын жеткізсе, енді бір тобы ауыз су, жол, облыс орталығын абаттандыру, лудомания мәселелерін көтерді. Сондай -ақ, мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған арнайы орталық ашу жөнінде ұсыныс білдірді.

Облыс басшысы кездесуге жиналған жастардың сауалдарына жауап беріп, жастардың қоғамдағы маңыздылығын атап өтті.

- Өңірде талмай еңбектеніп, еліміздің дамуына үлес қосып келе жатқан жалынды жастармен кездескеніме қуаныштымын. Жастарға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, олардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту жолдарын бірлесе іздестіру үшін осы жиында бас қосып отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет жастардың әлеуметтік жағдайына, оларды жұмыспен қамту мәселесіне айрықша көңіл бөліп келеді. Алайда, жастар саясаты саласында бірқатар мәселелер бар екенін білеміз, соларды шешу үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Кездесу соңында Нұрдәулет Қилыбай жастардың айтқан ұсыныстары мен сауалдарын негізге ала отырып, алдағы уақытта өзекті мәселелерді шешу мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыты ретінде қарастырылатынын тілге тиек етті.

Айта кетейік, бүгінде Маңғыстау облысы бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы 235 мыңға жуық жас бар. Ол облыс халқының 29,7%-ын құрайды. Оның ішінде – 103 348 қалада, 131 548 ауылдық елді – мекендерде тұрады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

24 октября 2024
Маңғыстауда тұңғыш рет әскери катер құрастырылып, пайдалануға берілді

Республика күні қарсаңында Маңғыстау облысында құрастырылған «Шапшаң» әскери десанттық катері Каспий теңізіне түсірілді.

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Қарулы Күштердің контр-адмиралы Ратмир Камратов және әскери қызметшілер мен қала тұрғындары қатысты.

Су жаңа катер теңіздегі мемлекет шекарасын, елдің біртұтастығын қорғауға қызмет етеді.

Алғашқы болып сөйлеген Қорғаныс министрінің орынбасары жауынгерлер катерін теңізге жіберу қазақ жұрты үшін қуанышты сәт екенін айтты. Оның сөзінше, Маңғыстауда жасалған катер өңірдің теңіз әлеуетінің қарқынды дамып жатқанын аңғартады.

-Президент жолдауында айтқандай, жаһандық әскери техника өндірісі дамыған мемлекеттердің ұлттық қорғаныс жүйесінде шешуші рөл ойнайды. Қазіргі заман – жаңа технология заманы. Бұл катер – Отанымыздың инженерия саласының жоғары деңгейінің айқын дәлелі», - деді Сұлтан Қамалетдинов.

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында болып жатқан тарихи оқиғаның ғалымдардың төккен тері мен еңбегінің нәтижесі екенін айтты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ құрылыс индустриясын дамыту, тереңдету қажет деп бағыт-бағдар берген еді. Міне, нәтижесін, жемісін көріп отырмыз. Өңірімізде жасалған отандық өнім ел тыныштығын күзетіп, теңіз әскерлерінің нәтижелі қызмет етуіне көмектеседі. Осы жобаны жүзеге асырған азаматтарға, мамандарға, құрылысшыларға көп рахмет айтамын. Азаматтар өздерінің шеберліктерін дәлелдеді, - деп әкім ризашылығын білдірді.

Жаңа катерді құрастырған «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС-нің директоры Дмитрий Донскойдың айтуынша, тек қорғаныс саласында емес, азаматтарға арналған, туризм, транспорт бағытында, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын техникаларды да жасауға мүмкіндіктері бар.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

24 октября 2024
Стоп кредит қызметі: азаматтарды қаржылық тәуекелдерден қорғауға арналған құрал

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға Стоп-кредит (Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту) қызметін қосу мүмкіндігі туралы еске салады.

Енді қызмет «eGov mobile» мобильді қосымшасында және «Электрондық үкімет» веб-порталының басты бетте қолжетімді. Қызметті ЭЦҚ арқылы немесе логин мен парольді қолдану арқылы қосылуға болады. Ол үшін сайттың басты бетінде «Сервистер» бөліміне өтіп, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» опциясын таңдау қажет.

Қызмет шексіз мерзімге іске қосылады және азаматтың өтініші бойынша өшірілуі мүмкін.

Министрлік киберқауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады және ұсыныстарды орындауға шақырды: 

  1. Әр түрлі аккаунттар үшін күрделі және бірегей парольдерді пайдалану.
  2. Құрылғылардағы бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отыру.
  3. Күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ашпау.
  4. Антивирус бағдарламаларын пайдалану.
  5. Жеке ақпаратты бөгде сайттарға және қосымшаларға сенбеу.
  6. Аккаунттар үшін екі факторлы аутентификацияны пайдалану.
  7. Әлеуметтік желілердегі құпиялылық параметрлерін тексеру.
  8. 1414-тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу.
  9. Банктік реквизиттерді үшінші тұлғаларға хабарламау.

Осы нұсқауларды орындау деректеріңізді қорғауға және қаржылық тәуекелдерді болдырмауға көмектеседі.

23 октября 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекеттік сыйлық:

1. ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;

2. жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;

3. авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;

4. суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.

t.me/aqorda_resmi

 

23 октября 2024
Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар.

⚡️«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті А.Жұмаділдаевқа, елдің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Г.Нұрпейісоваға, Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Э.Траисоваға және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қарағанды облысы «Шахтерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Г.Прокопқа берілді.

🎖«Отан» орденімен Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры С.Жошыбаев пен көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Оразалин марапатталды.

 

 t.me/aqorda_resmi

 

22 октября 2024
Ақтауда ұлттық киімдер шеруі өтті

22 қазанда Ақтау қаласында Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған ұлттық киімдер шеруіне 500-ге жуық тұрғын қатысты.

Көшеге ұлттық киімдерін киіп шыққандардың қатарында киім дизайнерлері, тігін шеберлері, сән үйлері, сондай-ақ, қаланың ірі мекемелері мен білім беру ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары бар. Шерудің басты мақсаты – қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы оны заман талабына сай жаңғыртып, сән әлеміне енгізу.

Іс-шара ерекше форматта бастау алды. Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлекті арулар мен аналар қоғамдық көліктерге мініп, халық әндерін орындады.

Шерудің негізгі бөлігі теңіз жағалауында жалғасты. Ақсақалдар дәстүрге сай шапан мен тақия киіп, ұлттық мәдениеттің көрнекті бейнесін жеткізсе, мектеп оқушылары ұлттық нақыштағы киімдерімен шеруге ерекше сән берді. Сонымен қатар, әжелердің кимешегі мен салтанатты киімдерінен бастап, ұзатылар қыздың сәукелесіне дейін ұлттық киімдердің байырғы және заманауи үлгілері көпшілік назарына ұсынылды.

Шара аясында асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту және қазақша күрес сияқты дәстүрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.

Айта кетейік, ұлттық киімдер шеруі «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қоры қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

22 октября 2024
Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауда аймағын құруды ұсынды

22 қазан күні Самарқанд қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтерінің бірлескен өңіраралық форумында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысы мен Өзбекстанның экономикалық, сауда-саттық байланыстарын кеңейтуге қатысты бірқатар ұсыныс білдірді.

Бүгінде Маңғыстау мен Өзбекстанды байланыстыратын автожол салынып жатыр. Қазақстан аумағында «Тәжен» кеден бекетіне дейін жол төселуде. Ал күні кеше Қарақалпақстан орталығынан ел шекарасына дейін жаңа автожол пайдалануға берілді. Бұл алдағы уақытта Маңғыстау облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының артуына мүмкіндік береді.

Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, Маңғыстау өңірінің көтерме базарларына азық-түлік өнімдерінің, көкөністердің, жемістердің басым бөлігі Өзбекстан Республикасының Бұхара, Самарқанд, Нөкіс, Сырдария егістіктерінен әкелінеді. «Тәжен» кеден бекеті арқылы күніне 250-300-ге жуық жүк көлігі өтеді, оның ішінде орта есеппен Маңғыстау облысына 25-30 жүк көлігі жөнелтіледі. Бұл шамамен 11 мың тонна тауар.

– Біздің делегация құрамында елдегі ең ірі көтерме тарату орталықтарының бірі - «Ақтау ОРЦ» ЖШС-нің құрылтайшысы бар. Қазіргі уақытта олар қажетті сауда алаңын ұсынуға толық дайын және өзбекстандық кәсіпкерлер тарапынан нақты қадамдар күтеді. Біз ол жерде «Өзбекстанда жасалған» сауда алаңын ашып, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыруға дайынбыз,- деді Нұрдәулет Қилыбай.

Сондай-ақ, өңіраралық форумда Маңғыстау облысының әкімі екі ел арасындағы сауда-саттық байланыстарын одан әрі арттыру мақсатында шекаралас аймақта «Қорғас» сауда кешені үлгісінде арнайы бажсыз сауда аймағын құруды ұсынды. Сауда-экономикалық аймақтың ашылуы Маңғыстау облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымын 4 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жиында туризм, ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы да сөз болды. Мәселен, Өзбекстан Республикасының туроператорлары үшін Маңғыстау облысындағы тарихи-мәдени және туристік орындарды қамтитын дайын турпакеттер әзірленіп, 2025 жылы жұмысын бастауға дайын екендігі де айтылды.

–Маңғыстау облысын дамытудағы басым бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығы болғандықтан өңірде жылыжай шаруашылығын бірлесіп дамытуды ұсынамыз. Біз су, тыңайтқыштарға кеткен шығындардың бір бөлігін субсидиялауға, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, төмен пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелер мен қолайлы жер телімдерін беруге дайынбыз,-деп атап өтті Нұрдәулет Қилыбай.
Форумда аймақ басшысы Өзбекстанмен, соның ішінде Қарақалпақстан Республикасымен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, экономикалық байланыстарды кеңейтуге бағытталған барлық бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.
Жиын соңында Маңғыстау облысы әкімдігі мен Қарақалпақстан Республикасы арасында, Бейнеу және Ходжейлі аудандары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Тағы бір сәтті келісім Өзбекстанның «Nukus dilisha» ЖШС мен Бейнеу әкімдігі және «Ақтау ОРЦ» ЖШС-нің арасында жасалды. Өзбекстандық кәсіпкерлер Ақтау қаласы мен Бейнеу ауданында ірі сауда алаңдарын салатын болды.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында Өзбекстанның қатысуымен 140 кәсіпорын тіркелген. Екі өңірдің сыртқы сауда айналымы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 13,2 миллион АҚШ долларын құрады.
Жалпы тауар айналымынан Өзбекстан Республикасынан келетін импорттың үлесі шамамен 25% құрап отыр.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

22 октября 2024
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық форумына қатысты.
Екі ел президенттері қол жеткізген екіжақты тауар айналымын арттыру бойынша уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралды. Өнеркәсіптік кооперация, су, энергетика, транзит және көлік, газ салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда серіктесі саналады. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі $2,5 млрд құрады. Олжас Бектенов сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және өзара инвестиция үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған шараларды кеңейту қажеттігін атап өтті.
«Қазақстан мен Өзбекстанның барлық бағытта бірлескен жұмысының келешегі зор. Бұған, ең алдымен, мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Шавкат Миромонович Мирзиёев арасындағы сенімді саяси диалог ықпал етіп отыр. Астанада өткен бизнес-форум аясында қол қойылған $7 млрд көлеміндегі инвестициялық келісімдер мен коммерциялық келісімшарттар айтарлықтай үлес қосады. Бүгінгі кездесу жаңа ірі жобаларды жүзеге асырудың бастауы болып, бүкіл Орталық Азия аймағының тұрақты экономикалық дамуына зор үлес қосатытына сенімдімін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мұнай-химия, металлургия, автомобиль, индустриалдық, азық-түлік, химия және фармацевтика салаларында үлкен экспорттық әлеует бар. Қазақстан Өзбекстанға жалпы қосылған құны жоғары қазақстандық тауарлардың 40 түрі бойынша құны $550 млн-нан асатын экспорттық жеткізілімдер көлемін арттыруға дайын.


Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынастың басым бағыты өңіраралық ынтымақтастықты дамыту болып отырғанын атап өтті.
«Соңғы 7 жылда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара тауар айналымы 2,5 есеге жуық өсіп, өткен жылы $4,4 млрд-қа жетті. Бүгінде Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 1 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді.  Шекаралас өңірлер бір-бірімен – Қарақалпақстан Республикасы Маңғыстау облысымен, Ташкент Түркістан облысымен, Науаи Қызылорда облысымен тікелей әрі тығыз байланыс орнатқан. Біздің басқа аймақтарымыз да байланыстарды дәйекті түрде нығайтып, сауда-саттық және өнеркәсіптік кооперацияны дамытып келеді. Бұл ретте әлі іске асырылмаған үлкен әлеует бар», — деп атап өтті Абдулла Арипов.
Форум барысында инвестиция көлемі $3,4 млрд-ты құрайтын 74 бірлескен жобаны іске асыруды және 14,6 мың жұмыс орнын құруды көздейтін өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға ерекше назар аударылды. Оның ішінде Қазақстан аумағында 65 кәсіпорын ашу жоспарлануда, бұл елімізде 13,6 мың жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді. Бүгінде елімізде 9, Өзбекстанда тағы 3 бірлескен жоба жүзеге асырылды. Бұл жалпы 4,8 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Қазақ-өзбек өнеркәсіптік кооперациясы ынтымақтастығына мысал ретінде Қостанайдағы Chevrolet Onix автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін, Сарандағы тұрмыстық техника шығаратын зауытты, Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы тігін және жіп иіру-тоқу фабрикалары, Ангрендегі автоклавты газ-бетон өндірісі және басқа да өндіріс орындары жатады. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру екі ел үкіметтерінің бірлескен жұмысына жаңа серпін бермек. Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер енгізіліп, кәсіпкерлер үшін салықтық, кедендік жеңілдіктер мен басқа да артықшылықтар қарастырылған.
Сонымен қатар көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды. Өзбекстан тауар айналымының 50%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтеді. Әртүрлі көлік түрімен 18 бағыт бойынша жолаушылар тасымалы реттелген. Бұл байланыстарды одан әрі тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.


«Өзбекстан – Қазақстан» IV өңіраралық ынтымақтастық форумы, іскерлік форум шеңберінде құны $352 млн-нан асатын 76 құжатқа қол қойылды.

Оның ішінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырылуын жеделдету жөніндегі Тәжірибелік іс-шаралар жоспары бар. Құжат энергетика, тау-кен өнеркәсібі және геология салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан аймақтары арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
Айта кету керек, форум қазіргі сын-қатерлер мен ынтымақтастық келешегін белсенді талқылауға арналған алаңға айналды. Оның аясында министрліктердің, шекара маңындағы өңірлер әкімдіктерінің басшылары және екі елдің бизнес-топтарының 200-ге жуық өкілі өңіраралық ынтымақтастық, өзара сауда-саттықты дамыту және бірлескен кәсіпорындар құру мәселелерін талқылады. «B2B» форматында металлургия, құрылыс индустриясы, машина жасау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, IT және туризм сияқты экономиканың келешегі бар бағыттарындағы өзара іс-қимылды тереңдету тетіктері қаралды.

21 октября 2024
Маңғыстау облысының әкімі өңірлік кадр резервінің өкілдерімен кездесті

18 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірлік кадр резервінің іріктеуінен өткен азаматтармен кездесіп, бірқатарына мемлекеттік қызметтегі вакансиялар ұсынды.

Шара ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облыстық филиалының алаңында ұйымдастырылды.

Еркін форматта өткен жиында Нұрдәулет Қилыбай қатысушыларды жетістіктерімен құттықтап, кадрлық резервтегі мамандардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қоса алатын атап өтті.

- Сіздер кадр резервіне өту үшін арнайы бәйгеде бақ сынап, алға шықтыңыздар. Әр кезеңнің талаптарын орындап, білімдеріңізді, қабілеттеріңізді көрсеттіңіздер. Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік. Ал, басшы болу екі есе жауапкершілікті, біліктілікті талап етеді. Біз сіздердің кәсіби өсулеріңізге, қызмет жолындағы мақсаттарға жетуге қолдау көрсетуге дайынбыз. Бүгінгі күні білім беру саласында бөлім басшысы бос лауазым бар. Өздеріңізге осы орындарды ұсынамын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Кездесуде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов жас мамандарды қолдау мен оларды мемлекеттік басқару жүйесіне интеграциялаудың маңыздылығын айтты.

Айта кетейік, өңірлік кадр резервіне Маңғыстау облысынан 25 адам іріктеліп алынды. Бұл азаматтар жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік алады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы