Меню
Страницы

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Хабарлама

 

                 "БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күні" іс-шарасына шақырады.

Тақырыбы: Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы

және жинақтау жоспары

 

2024 жылғы 20 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары" тақырыбына арналған "Ашық есік күнін" онлайн-форматта өткізеді.

Мақсаты - салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды болашақ зейнетақыны есептеу және оны ұлғайту жөніндегі жоспарды қалыптастыру/түзету үшін қажетті "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" ыңғайлы құралдарымен таныстыру.

 

Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (іс-шараға қатысушыларға) зейнетақы калькуляторы арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керектігі туралы түсініктеме беріледі. Зейнетақы жоспарын қалай жасап, қажет болған жағдайда, қалай өзгертуге болатыны да көрсетіледі. "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" қызметтерін пайдалану бойынша жаңа мүмкіндіктер туралы әңгімелеп береді.

 

Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңес беруге дайын.  

 

Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" онлайн-форматта 20 қыркүйек күні сағат 10:00-де өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет  https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m070e2646e89595c84a940ca4eb646667

 Содан кейін event-кеңестің нөмірін: 2510 633 4456 және event-кеңестің құпиясөзін: 1234 енгізіңіз.

         

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!

 

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты