Маңғыстау облысы бойынша ауыл әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылар туралы
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды дайындау және өткізудің күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды тіркеу кезеңі ағымдағы жылдың 14 шілдесінде аяқталды.
Барлығы 39 кандидат ұсынылды, оның 17-сі саяси партиялар, 22-сі өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелік 4 адамды құрады.
Оның ішінде келесі саяси партиялар 10 округ бойынша өз кандидаттарын ұсынды: «Нұр Отан» партиясынан - 8 үміткер, «Ақ жол» партиясынан - 2 кандидат, «АДАЛ» партиясынан - 3 кандидат, Қазақстан халық партиясынан - 3 кандидат, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан - 1 кандидат.
22 өзін-өзі ұсынған адамдар қолдау үшін қол жинау парақтарын алды, 21 кандидаттың қол қою парақтары тексеруге ұсынылды, олардың ішінде 21 кандидаттың кемінде 1% - ына қолдау көрсетілді,
39 үміткердің ішінде 1 әйел.
39 ұсынылғаннан 3 кандидат тіркелмеген:
1) - «Адал» саяси партиясының тиісті филиалының жоғарғы басқару органының күшін жоюына байланысты, 08.07.2021ж. (Maңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылы) - 1 үміткер;
2) өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініш бойынша - 1 үміткер, 12.07.2021 ж. «ЖСДП» -дан (Бейнеу ауданы, Сарға ауылы);
3) өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініш бойынша - 1 үміткер, (Maңғыстау ауданы, Қызан ауылы) 13.07.2021ж.
Тіркелген 36 үміткердің ішінен екі кандидаттың тіркеу жойылды:
1) 1 үміткер, 09.07.2021ж. күні «Адал» партиясынан (Бейнеу ауданы, Төлеп ауылы);
2) өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініш бойынша - 1 үміткер, Қазақстанның халық партиясынан 13.07.07 ж. (Maңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылы).
2021 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша барлық ұсынылған кандидаттардың 34-і тіркелді.
Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы
Бейнеу ауданы бойынша: https://beta.egov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/documents/details/191178?lang=kk
Түпқараған ауданы бойынша: https://beta.egov.kz/memleket/entities/akimat-tupkaragan/documents/details/191168?lang=kk
Маңғыстау ауданы бойынша:https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-mangistau-rayon/documents/details/191183?lang=kk
Қарақия ауданы бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/documents/details/191294?directionId=8855&lang=kk