Ауыл мұғалімі министрден марапат алды

Ауыл мұғалімі министрден марапат алды
Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылындағы Е.Айшуақұлы атындағы мектептің Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Телемген Марат Оразұлы ҚР Оқу- ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың қолынан «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін алды.
Ол министрлік ұйымдастырған мерекелік шараға облыстан іріктелген екі мұғалімнің бірі болып қатысты.
Марат Оразұлы еңбек жолын бейнелеу өнері пәні мұғалімі болып бастап, кейіннен алғашқы әскери даярлық пәніне ауысты. Ол кәсіби шеберлігін шыңдаудан, озат іс-тәжірибелерді үйренуден және жас ұстаздарға үйретуден жалыққан емес. Сондай-ақ заман талабына сай оқытудың озық технологияларын меңгерген ізденімпаз, тәжірибелі ұстаз. Көптеген шәкірті түрлі деңгейдегі байқаулардан жүлде алып жүр.