АқниязовТөлеген 1958 жылы 29 маусымда Жыңғылды ауылында дүниеге келген. Ол 1975 жылы Куйбышев орта мектебін тәмамдап, кейін Атырау облыстық политехникумын электромонтер мамандығы бойынша бітірген. Өзінің еңбек жолын 1975 жылы «Өзен НГДУ» мекемесінде электромонтер ретінде бастады.
Кейін қызметі туған ауылы Жыңғылдыдағы «Маңғыстау ӨЭК» АҚ мекемесінде жалғасты. Ол 50 жылдай тоқ саласында еңбек етіп, жоғары кәсібилігімен ерекшеленді. Төлеген Ақниязовтың адал еңбегі мен салаға қосқан үлесі жоғары бағаланды. Ол бірнеше рет еңбек марапаттарымен, оның ішінде «Маңғыстау ӨЭК» АҚ 40 жыл» және «Маңғыстау ӨЭК» АҚ 55 жыл» медальдарымен марапатталды.
Кейіпкеріміздің жарты ғасырлық еңбек өтілі оның қажырлы еңбек адамы екенін әрі арнаулы саладағы жетістіктерін айғақтайды. Өзінің жұмысында жоғары жауапкершілікті сезініп, әрқашан қызметіне берілген, сондай-ақ әріптестеріне үлгі боларлықтай жан. Қазіргі уақытта зейнеткерлік демалысында да еңбектен қол үзген емес.
Оның еңбек жолы, жауапкершілігі мен кәсібилігі әріптестері мен ізбасарларына ғана емес, сонымен қатар барлық өскелең ұрпаққа үлгі болмақ.