Дәрігерлік амбулаторияға келген Ардақ Адилбекова Мәдиқызы — М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің түлегі. Қызмет жолы Ақтау қалалық емханасында жалпы тәжірибелік дәрігер ретінде басталған. Әріптестерінің айтуынша, кәсіби біліктілігімен және пациенттермен қарым-қатынас жасаудағы ерекше қабілетімен ерекшеленеді.
Маманға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында әлеуметтік көмек көрсетіліп, еңбек етуі үшін жағдай жасалады. Алдағы уақытта аудандағы өзге ауылдарға да дәрігерлерді шақырту жұмысы жалғасады,-дейді аудандық орталық ауруханасының директоры И. Серікбаев. Жыңғылды амбулаториясында 8 орта буынды медициналық қызметкер мен 4 кіші техникалық жұмысшылар еңбек етеді.
Айта кетейік, аудандық орталық аурухана 2022 жылды 384 млн қарызбен аяқтады. Солардың бірі қызмет көрсеткен басқа емдеу орталықтарына (2022 жылы 69 емдеу орталығына 145 млн, 2023 жылы 38- іне 54 млн, 2024 жылы 54 мекемеге 78 млн қаржы төлеген). Соңғы үш жылда аудан әкімдігінің тікелей араласуымен облыс әкімдігі және облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен қаржылық жағдай тұрақталды. Сондай-ақ, көптеген емдеу құрал- жабдықтары және көліктер алынды. Жармыш ауылдық амбулаторияға күрделі жөндеу жасалады, алда Шайыр, Ұштаған және Жыңғылды амбулаторияларына жөндеу жасау жоспарда бар. Ақшымырауда дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу, Қызан, Тұщықұдық, Ұштаған дәрігерлік амбулаторияларға жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу, Шебір амбулаторияға жаңа жылыту пеші, Тұщыбектегі Е. Оразақов атындағы шипажайға модульдік жылу қазандығы қойылды. Шебір, Жыңғылды, Шайыр, Шетпе, Сайөтес дәрігерлік амбулаториялары жедел-жәрдем көлігімен қамтылды.