Балалар үні

Балалар үні

Бүгінгі күнді оқу-ағарту министрлігі “Балалар үні” деп жариялаған еді. Соған орай, Жыңғылды ауылының әкімі Әсет Маратұлы ауылымыздағы Есір Айшуақұлы атындағы ЖББМ-нің 6-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде оқушылар өз жетістіктері, болашаққа деген армандары және табысқа жету жолындағы іс-әрекеттерімен бөлісті. Балалардың дарыны мен талпынысы - болашағымыздың кепілі.

Сонымен қатар, Балалар ауылдағы өмір сапасын жақсарту бойынша ұсынатын идеяларымен бөлісіп, өз ұсыныстарын жеткізді. Әрбір баланың үні маңызды, оны есту - біздің парызымыз.

Кездесу соңында балаларды келе жатқан 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, оларға жарқын болашақ, биік белестер, сарқылмас шабыт тіледі.