Маңғыстау ауданында жаңа коворкинг орталығы ашылды

Маңғыстау ауданында жаңа коворкинг орталығы ашылды
Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік гранты аясында Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылында коворкинг орталығы ашылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Салтанатты шараға Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Әбдіқадіров, Ақшымырау ауылының әкімі Абзал Қарақойшиев, «Жағымды жаңалық» қоғамдық қорының директоры Нұрлан Қуанышбай, ауыл ақсақалдары мен белсенді жастар қатысты.

Салтанатты шара барысында жаңа кеңсенің лентасын Ақшымырау ауылының ақсақалы Дариссалам Тілеубай мен облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай кесті. 

Заманауи коворкинг орталығы жастарға қажет материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілді. Жұмысқа арналған ноутбуктер, проектор, 3в1 принтер, маркерлік тақта және өзге де жиһаздармен жабдықталды. Ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған кешенге 20 кітап және үстел ойындары да табысталды. 

Еске салайық, мемлекеттік тапсырыс аясында «Жағымды жаңалық» қоғамдық қоры Маңғыстау облысының 3 ауылында коворкинг орталығын ашты. Бұл ауыл жастарының әлеуетін арттыруға, бірлесіп жұмыс істеп жаңа жобаларды жүзеге асыруға арналған жұмыс алаңы болмақ.14:32