Маңғыстауда «Жұмысшы мамандықтар күні» іс-шарасы өтті

Маңғыстауда «Жұмысшы мамандықтар күні» іс-шарасы өтті
Өңірде Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастырумен  «Жұмысшы мамандықтар күні» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау. Аталған шараға 400-ге жуық арнаулы және жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттері қатысты. Оларға арнайы өндірістік мекемелердің жанынан құрылған жас мамандар кеңесінің белсенді жастары және төреағалары кәсіби бағыт бағдар берді.

Шара аясында жас мамандар кеңесінің белсенді жастары арнайы облыс әкімнің алғыс хатымен марапатталды.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына  жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», деді. Іс-шара Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында жоғары деңгейде өтті.