Маңғыстауда облыс әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі басталды

Маңғыстауда облыс әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі басталды

Маңғыстауда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімінің кубогі үшін «Mangystau CUP» республикалық пікірсайыс турнирі басталды.

Турнир өңірде іске асырылып жатқан «Soz battle» жобасының жалғасы ретінде ұйымдастырылып отыр.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай турнирдің басты мақсатын атап өтті.

-Турнирдің басты мақсаты – Маңғыстаудағы пікірсайыс қозғалысын күшейту, сыни ойлайтын, интеллектуалды әлеуеті жоғары жас буынды қалыптастыру. Биылғы сайысқа еліміздің 14 өңірінен 80-ге жуық пікірсайысшы қатысып, екі күн бойы бақ сынайды. Бір күндік ойын форматы 6 турдан тұрады, - деді Мұқаш Оралбай.

Екі күнге созылатын «Mangystau CUP» пікірсайыс турнирі өңір жастарының зияткерлік әлеуетін арттыруға, талдау және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға, жалпы дебат қозғалысының жандануына септігін тигізеді.