
Ақтауда Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жастарға арналған көңілді «Stand up» кеші өтті.
Шараның басты мақсаты - өңір жастарының шығармашылығын дамыту, еркін ойлау қабілетін арттыру және позитивті орта қалыптастыру болды.
Кеш барысында өңірдің танымал резиденттері Нұрбол Сағидуллин, Нұрдәулет Бибітбай, Нұртай Қоңыратбай, Айбар Сидағалиев, Самат Есенұлы, Ерлан Сенбай және Нұрғали Байдулла сахнаға шығып, өмірде кездесетін қызықты жағдайлар мен қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптарды әзіл арқылы жеткізді.
Көрермендер стендапшыларға өз сұрақтарын қойып, олардың тапқыр әрі күлкілі жауаптарын тыңдады. Шара барысында еркін және жылы атмосфера орнап, қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.