Ақтауда «Ерлер диалогы» сессиясы өтті

Ақтауда «Ерлер диалогы» сессиясы өтті

Ақтауда өтіп жатқан «Aktau Youth Forum» халықаралық жастар форумы аясында ер азаматтардың тұлғалық дамуына арналған «Ерлер диалогы» сессиясы ұйымдастырылды.

Кездесу барысында отбасылық құндылықтар, ерлер денсаулығы және бала тәрбиесі сияқты маңызды тақырыптар талқыланды. Спикерлер қатарында Фархат Равилов, Елжас Ертайұлы, Нұрбек Қарабала және Мұхит Амантаев болды.

-Отбасы құрар алдындағы жар таңдау, бала тәрбиесіне дайындық, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне тоқталдым. Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары болды. Жастардың қойған сұрақтарынан-ақ бұл тақырыптардың өзектілігін байқадым, - деді Елжас Ертайұлы.

Ал Нұрбек Қарабала кездесу өзара тәжірибе алмасуға және жаңа ой түюге мүмкіндік бергенін атап өтті.

-Кездесу жоғары деңгейде өтті. Өзімнің спорт жолымдағы қызықтар мен қиындықтар туралы жастармен бөлістім. Басқа спикерлердің айтқан ойларынан да көп мағлұмат алдым, - деді ол.с