Маңғыстауда жас шеберлер жәрмеңкесі өтті

Маңғыстауда жас шеберлер жәрмеңкесі өтті

Маңғыстауда 12 тамыз - халықаралық жастар күніне орай жас қолөнершілердің шығармашылығына арналған жәрмеңке өтті.

«Жас қолөнершілер» жәрмеңкесінде ұлттық нақыш пен жаңа заман үлгісінде жасалған бұйымдар, кәдесыйлар мен тұрмыстық заттар ұсынылды. Өңір тұрғындары мен қала қонақтары бірегей туындыларды тамашалап қана қоймай, ұнаған затты сатып алды. Іс-шараның мақсаты - талантты жастарды қолдау мен жергілікті қолөнерді кеңінен насихаттауға бағытталған.

-Жас шеберлердің еңбегін көру, қолөнер бұйымдарын сатып алу - әрі қолдау, әрі мақтаныш. Өз қолымен жасаған заттардан шынайы еңбек пен ұлттық рух сезіледі. Осындай шаралар жиі өтсе екен, – деді қала тұрғыны Мөлдір Бекібаева.