Ақтауда Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Aktau Youth Fest» фестивалі аясында «Jastar Open Talks» ашық диалог алаңы өтті.
Іс-шараның мақсаты – елімізге танымал тұлғалар мен жергілікті азаматтардың жастармен кездесіп, өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісуі болды.
– «Jastar Open Talks» – жастар басқармасының тұрақты диалог алаңы. Жастарды мұнай-газ секторынан бөлек кәсіп ашуға, өзін-өзі дамытуға, шығармашылықпен айналысуға шабыттандыруды көздейміз, – деді Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай.
Кеш қонақтары – жеке кәсіпкер, «March» сән үйінің негізін қалаушы Ақсәуле Қараш, «Aktau Abybaby» дүкенінің негізін қалаушы, блогер Роза Рымбаева және қазақ эстрадасының жұлдызы Ғаділбек Жаңай жастардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер көрермендерге сыйлықтар табыс етті.
Кеш соңында Ғаділбек Жаңай ән орындады.