
10 шілде күні Ақтауда «Жұмысшы мамандықтар жылы - жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» жобасы аясында жастар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.
Аталған жоба Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен жүзеге асуда. Басты мақсат - өңір жастары арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау, жұмысшы жастарға арналған мәдени-спорттық және қоғамдық шараларды ұйымдастыру арқылы олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру.
Футбол турниріне барлығы 12 команда қатысты. Нәтижесінде, «Oil services company» ЖШС мекемесі 1-орынға, «Маңғыстаумұнагаз» АҚ мекемесі 2-орынға, «МАЭК» ЖШС мекемесі 3-орынға ие болды