Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысының 2026 жылғы «28» қаңтардағы №02-03/7 бұйрығымен бекітілген
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2026 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі
|
№ |
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты |
Мәселенің қысқаша сипаттамасы |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Грант түрі және грантты іске асыру |
Грантты іске асыру аумағы |
Нысаналы индикатор және күтілетін нәтижелер |
Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар (ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді) |
|
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы |
||||||||
|
1 |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Аймақтағы жастардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту |
Маңғыстау облысы бойынша 14 пен 34 жас аралығында жастардың саны 240 031, ол облыс халқының 29,8%-ын құрайды. Қазіргі уақытта жастар психикалық денсаулық дағдарыстарымен, соның ішінде мазасыздықпен, депрессиямен және басқа да жағымсыз эмоционалды жағдайлармен бетпе-бет келеді. Аталған жағдайлар жастарға қатысты буллинг және кибербуллинг, суицид, лудомания, наркомания, интернет тәуелділік сынды әлеуметтік жағымсыз құбылыстар артуына әкеліп отыр. Мәселен, Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметін сәйкес 2025 жылы жастар арасында 10 аяқталған суицид фактісі тіркелген. Аймақта жастармен жүйелі жұмыс жүргізетін, жастарға психологиялық қолдау көрсететін мамандардың тапшылығы, жастардың менталды денсаулығын сақтауға және эмоцианалды инттелектісін арттыруға бағытталған іс-шаралардың аз болуы – олардың психикалық денсаулығын сақтауға кері әсерін көрсетіп отыр. Қазіргі таңда қоғамның барлық тобын атап айтқанда үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкілдерін, әртүрлі салада жетістікке жеткен азаматтарды, қоғамдық пікір көшбасшыларына аталған мәселелерді шешуге жұмылдыру қажеттілігі туындап отыр. |
10 250 000 |
Қысқа мерзімді 1 грант, 2026 жыл |
Маңғыстау облысы |
Нысаналы индикатор: 1.Жастардың психикалық денсаулығын сақтау мақсатында Маңғыстау облысының кемінде 2 500 жастың психологиялық және ағартушылық іс-шаралар арқылы тікелей қатысуын қамтамасыз ету; 2.Жобаға қатысушылардың кемінде 60 %-ы психикалық денсаулық пен эмоционалдық интеллект саласындағы білім деңгейін арттырады (сауалнама нәтижелері бойынша). 3.Жобаның ақпараттық қамтылуы кемінде 15 000 қаралымды құрайды.
Күтілетін нәтижелер:
|
|
|
2 |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Ерекше қажеттілігі бар жастарды әлеуметтендіру |
Уәкілетті органдардың статистикалық деректеріне сәйкес Маңғыстау облысында 14 пен 34 жас аралығында 5912 мүмкіндігі шектеулі жас бар. Аймақта мүгедектігі бар жастарды кәсіпке бейімдеу арқылы қоғамға әлеуметтендіру мәселесі өте өзекті. Аталған азаматтарға мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін қарастыру арқылы олардың әлеуметтік бейімдеу қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі таңда ерекше қажеттілігі бар жастарды қолдау жұмысының жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмауы – олардың толық әлеуетін пайдалануға кедергі келтіретін және білім беру, дене шынықтыру, жұмыспен қамту және т.б. қоғамның әртүрлі аспектілеріне қатысу сияқты салалардағы теңсіздікті күшейтетін негізгі кедергі болып отыр. Аймақтағы мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған оқыту шараларын ұйымдастыру, оларға психологиялық және менторлық қолдау көрсету, оларды қоғамдық жұмыстарға тартуды жүйелі әрі кешенді ұйымдастыруымыз қажет. |
10 250 000 |
Қысқа мерзімді 1 грант, 2026 жыл |
Маңғыстау облысы |
Нысаналы индикатор:
Күтілетін нәтиже:
|
|
|
3 |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Жастар арасындағы әзіл-ысқақ ойындарын ұйымдастыру |
2025 жылы Маңғыстау облысының әзіл-сықақ ойындарының маусымашар фестиваліне 56 әзіл-сықақ командасы тіркелген. Аймақта әзіл-сықақ ойындарының 3500-ге жуық қатысушысы бар. Аймақтағы шығармашыл жастар әзіл-сықақ ойындарын өзін-өзі көрсету және пікірлес адамдармен қарым-қатынас жасау, сенімділік пен сыни ойлауды дамыту, көшбасшылық және командалық дағдыларды дамыту, шығармашылық пен эмоционалдық интеллектті арттыру мүмкіндігін сыйлайтын алаң ретінде қарастырады. Бүгінде аталған ойынның қатысушылары қазақ тіліндегі сапалы контентті жасаушылардың басым бөлігін құрайтынын ескерсек, әзіл-сықақ ойындары арқылы креативті индустрия саласын дамыту мүмкіндігі туындап отыр. Аталған ойындарға шығармашылық қабілеті жоғары бірақ өмірлік қиын жағдайларға тап болған, оқу үлгерімі төмен жасөспірімдер мен жастардың қатысуын қамтамасыз ету қажет. Демек, әзіл-ысқақ ойындарын ұйымдастыру арқылы жастар арасында аймақтағы креативті индустрияны дамытумен бірге жастарды әлеуметтендіру мәселесі де оң шешімін табады. |
10 000 000 |
Қысқа мерзімді 1 грант, 2026 жыл |
Маңғыстау облысы |
Нысаналы индикатор:
2.Жобаның ақпараттық қамтылуы кемінде 40 000 қаралымды құрайды.
Күтілетін нәтижелер: |
|
|
4 |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Маңғыстау жастарының IT-құзыреттілігін дамыту |
Қазіргі таңда Маңғыстау облысының жастары үшін цифрлық сауаттылықты арттыру, жаңа технологияларды меңгеру және IT саласындағы мүмкіндіктерге қол жеткізу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жастардың мемлекеттік қолдау шаралары, білім алу, жұмысқа орналасу және әлеуметтік инфрақұрылымдарға қолжетімділігіне қатысты ақпараттардың шашыраңқылығы олардың әлеуетін толық пайдалануға кедергі келтіреді. Сонымен қатар, өңірде IT саласына қызығушылық танытатын жастарға арналған білім беру және тәжірибелік алаңдардың жеткіліксіздігі байқалады. Бұл мәселені шешу мақсатында жастарға арналған мобильді қосымша әзірленіп, оның көмегімен аймақ жастарына білім алу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және цифрлық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндіктері ұсынылады. Сонымен қатар, IT-хаб алаңында хакатон, вебинарлар, менторлық кездесулер ұйымдастырылып, жастардың IT және цифрлық технологиялар саласындағы білімі мен тәжірибесін арттыру қажеттілігі бар. Өңірлік техно-кездесулер мен инновациялық шешімдер байқауы арқылы жастарға өз идеяларын ұсыну және оларды жүзеге асыру мүмкіндігі берілуі қажет.
|
8 000 000 |
Қысқа мерзімді 1 грант, 2026 жыл |
Маңғыстау облысы |
Нысаналы индикатор:
3.Жобаның ақпараттық қамтылуы кемінде 15 000 қаралымды құрайды. Күтілетін нәтижелер:
4.Жасанды интеллект және IT саласы сарапшыларының қатысуымен кемінде 5 подкаст жазылып, әлеуметтік желілерде жариялау; 5.Әлеуметтік желілерде жарияланған 5 подкасттың ақпараттық қамтуы - кемінде 10 000 қаралым. |
|
|
5 |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Ауыл жастарының урбанистикалық бастамаларына қолдау көрсету |
Аймақтағы ауыл жастары мен қала жастарының арасындағы әлеуметтену деңгейі бойынша алшақтықты жою – өңірдегі мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Ауыл жастарының мемлекеттің басқару ісіне тарту және ауыл-аймақтағы өзін-өзі басқаруды қалыптастыруда олардың үлесін арттыру маңыздылығы артып келеді. Ауыл жастарының қалаға үдере көшу процесін азайту үшін ауыл-аймақтың инфрақұрылымын дамыту маңызды. Ауыл жастарының шағын инфрақұрылымдық идеяларын іске асыруға мүмкіндік беру арқылы ауылдағы жас азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, мемлекет пен азаматтық қоғамның тиімді серіктестігін дамытуға септігін тигізеді. |
10 000 000 |
Қысқа мерзімді 1 грант, 2026 жыл |
Маңғыстау облысы |
Нысаналы индикатор: 1.Ауыл жастарының урбанистикалық бастамаларын қолдауға арқылы кемінде 6 инфрақұрылымдық бастаманы іске асыру;
2.Жобаға қатысқан ауыл жастарының кемінде 70%-ының урбанистикалық ойлау, қоғамдық кеңістікті дамыту және азаматтық белсенділік деңгейінің артқаны анықталады (сауалнама нәтижелері бойынша); 3.Жобаның ақпараттық қамтылуы кемінде 20 000 қаралымды құрайды. Күтілетін нәтижелер: 1.Ауыл жастарының урбанистикалық бастамаларына қолдау көрсету мақсатында соммасы 1 000 000 теңгені құрайтын 6 шағын грант ұсыну;
|
|
|
6 |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Аймақ жастарына әскери-патриоттық тәрбие беру |
Қазіргі таңда жастар арасында отансүйгіштік, әскери қызметтің маңызын түсіну және азаматтық жауапкершілік деңгейі жеткіліксіз. Ақпараттық кеңістіктегі теріс көзқарастар, жалған идеологиялар мен тәртіпсіз мінез-құлық үлгілері жастардың мемлекет алдындағы борышын сезінуіне кері әсерін тигізуде. Маңғыстау облысында әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы іс-шаралар көбіне бір реттік, теориялық форматта өткізіледі. Ал жастарды тәжірибелік, интерактивті форматта қамтитын, әскери қызметшілер мен ардагерлерді, сала мамандарын тартатын кешенді жобалар жеткіліксіз. Осыған байланысты аймақ жастарына әскери-патриоттық тәрбие беру, олардың отансүйгіштік рухын, тәртіп пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында кешенді жобаны іске асыру қажеттілігі туындап отыр. |
8 500 000 |
Қысқа мерзімді 1 грант, 2026 жыл |
Маңғыстау облысы |
Нысаналы индикатор:
2.Жобаға қатысқан жастардың кемінде 75% отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік және әскери қызметке оң көзқарас деңгейінің артқаны анықталады (сауалнама нәтижелері бойынша);
Күтілетін нәтижелер: 1. Жастар ресурстық орталығы жанындағы әскери-патриоттық «Отанға қызмет» фронт-кеңсесінің ашылуы және тұрақты қызмет көрсетуі;
|
|
|
7 |
Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау |
Аймақ жастары арасында заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету |
Жастар арасында құқықтық сауаттылықтың төмендігі, заң талаптарын толық білмеу, интернет арқылы таралатын заңға қайшы ақпараттар мен теріс мінез-құлық үлгілері құқық бұзушылықтардың артуына себеп болып отыр. Әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында ұсақ құқық бұзушылықтар, интернет алаяқтық, киберқылмысқа тартылу қаупі жоғары. Маңғыстау облысында жастарға арналған заң мен тәртіпті насихаттайтын, түсінікті тілде жеткізілетін, өмірлік мысалдарға негізделген профилактикалық жобалардың саны жеткіліксіз. Заң талаптарын тек жазалау құралы ретінде емес, жеке қауіпсіздік пен болашақтың кепілі ретінде түсіндіру маңызды. Осыған байланысты жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрметпен қарау идеологиясын қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кешенді ақпараттық-ағартушылық жобаны іске асыру қажет. |
8 000 000 |
Қысқа мерзімді 1 грант, 2026 жыл |
Маңғыстау облысы |
Нысаналы индикатор:
Күтілетін нәтижелер:
|
|
|
БАРЛЫҒЫ |
65 000 000 |
|
|
|
|
|||