
Кендірлі ауылының 5 жылдығына арналған Футзалдан “Жаңаөзен қаласының Әкім Кубогы” өз мәресіне жетті!
🗓 29 желтоқсан күні Кендірлі ауылының 5 жылдығына арналған Жаңаөзен қаласы әкімінің кубогі аясындағы футзал турнирі өз аяқталуына жетіп, жеңімпаздар мен үздіктер анықталды. Турнир барысында 16 команда жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Жартылай финал нәтижелері:
- "Атриум" командасы "Трубремцентр" командасын жеңіп, финалға жолдама алды.
- "Өзенмұнайгаз" командасы "Қарақия" командасын жеңіп, финалға шықты.
Финалдың қорытындысы:
Финалда "Атриум" командасы "Өзенмұнайгаз" командасын 2:1 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды! 🏆
Жеңіс голдарын: Төлепберген А. және Тұрымбаев Н. соқты.
"Өзенмұнайгаз" командасының жалғыз голын: Амангелдиев Р. еншілеп, тамаша ойын көрсетті.
Жүлдегер командалар:
🥇 "Атриум" – чемпион
🥈 "Өзенмұнайгаз" – күміс жүлдегер
🥉 "Трубремцентр" – қола жүлдегер
🔰 "Қарақия" – белсенді қатысушы
Жекелеген марапаттар:
Турнир барысында жеке шеберлігімен көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялармен, кубоктармен, медальдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.
Бұл турнир Кендірлі ауылының 5 жылдығына арналған мәдени-спорттық іс-шаралар шеңберінде өткізілді. Оны ұйымдастыруға Жаңаөзен қаласы әкімдігі, қалалық мәслихат, Кендірлі ауылы әкімшілігі және Кендірлі ауылдық мәдениет үйі ұйытқы болды.
Ерекше алғыс қалалық мәслихат депутаттары Орынбасар Сейдов , Аскар Ногай , Арғынбек Қалбаев білдіреміз!
Құттықтаймыз! Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!