Маңғыстау туризмі қарқынды дамуда!

Маңғыстау туризмі қарқынды дамуда!

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Маңғыстау облысына 215 мың турист келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Туризм саласындағы көрсетілген қызметтер көлемі де 40%-ға өсіп, 6,6 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында:

«Жылы жағажай» ауданында 2027 жылға дейін құны 100 млрд. теңге болатын 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Биыл 8,5 млрд. теңгеге 3 жоба іске қосылды.

Кендірлі курорттық аймағының дамуы:
- Бас жоспар әзірленді.
- Туристік қала салу көзделуде, ол жылына 300 мың адамды қабылдай алады.
- Инженерлік инфрақұрылым құрылысы басталды.
- Кендірліден әуежай құрылысын бастау үшін дайындық жұмыстары басталды.

Бұл жоба Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтып, өңір экономикасына оң әсерін тигізеді.

Маңғыстаудың болашағы – туризмде!