
Кендірліде жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
🎉 Кендірлі ауылында жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.
🎵Кендірлі ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары «Тек алға» әнін және «Спорт және мен» композициясын тамаша орындады.
🏅 Салтанатты шарада Жаңаөзен қаласының әкімі Қайнарбаев Жансейт Исаханұлы және ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Өскінбаев Бақытжан ақсақал құттықтау сөз сөйледі.
✂️ Ардагер Өскінбаев Бақытжан ақсақал мен Жаңаөзен қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Құлжанова Үміт апайымыз лентаны қиып, кешенді ресми түрде ашты.
🔑 «Арк Контор» ЖШС өкілі Тәжіғұл Болатбек Бәйдешұлы спорт кешенінің кілтін спорт мектебінің директоры Дүйсекенов Алдаберген Хасанұлына табыстады.
Шарада спорт кешенінің жаттығу залдары мен үйірмелері таныстырылды.
Салтанатты рәсім соңында қала басшылығы, ақсақалдар жас спортшылармен бірге ағаш отырғызу дәстүрін жалғастырып, жаңа кешеннің алдына жасыл желек екті.
🌳 Бұл спорт кешені ауылымыздың келешегі үшін үлкен мүмкіндік! Ауыл жастарының спортпен айналысуына, денсаулықтарын нығайтуға және жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге жағдай жасалатын болады.
🎊 Баршаңызды спорт кешенінің ашылуымен құттықтаймыз! Кендірлі спортпен, жаңашылдықпен және жеңістермен дамиды!