
Кендірлі ауылында жаңа отбасылық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Кендірлі ауылында жаңа отбасылық дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл маңызды оқиға ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жолындағы кезекті қадам болды және Кендірлі ауылы әкімінің сайлауалды бағдарламасында көзделген.
Салтанатты ашылу барысында Жаңаөзен қаласының әкімі Қайнарбаев Жансейт Исаханұлы, мәслихат төрағасы Байжанов Ғалым Ұлықпанұлы, «AMANAT» партиясының Жаңаөзен қалалық филиалының хатшысы Темір Мусаев, және ардагер дәрігер Жалымбетов Құдайберген Искакович құттықтау сөз сөйледі.
Лента қию рәсімін Кендірлі ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есимов Хожабай Теңелбайұлы және профессор Жалымбетов Құдайберген Искакович орындады. Сондай-ақ, амбулаторияның кілті мердігер ұйымның өкілі арқылы №3 Жаңаөзен қалалық емханасының директоры Алишер Көмековке табысталды.
Амбулатория келесі қызметтерді ұсынады:
- Жалпы тәжірибелі дәрігер қабылдауы;
- Акушер-гинеколог қызметтері;
- Стоматологиялық көмек;
- Күндізгі бөлімде 10 жатын орын;
- Лабораториялық зертханалар және тіркеу бөлімі.
Амбулаторияның мақсаты:
- Аурулардың алдын алу;
- Медициналық көмек көрсету;
- Заманауи медициналық қызметтерді жақындату.
Мекемеде 7 дәрігер, 21 медбике, 1 гинеколог, және басқа да медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.
Бұл амбулатория ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуде үлкен рөл атқаратын болады. Баршаңызды осы қуанышты оқиғамен құттықтаймыз!