ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КӨМЕК ҰСЫНДЫ

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КӨМЕК ҰСЫНДЫ

Бүгін түстен кейін сағат 15.00 де МО ауыл шаруашылығы басқармасының мәжіліс залында "AGROPRO" ЖШС жəне "БИОТЕХЦЕНТР ҮЕҰ" ҚБ нің мұрындық болуымен дөңгелек үстел өтті. Тақырып: Маңғыстау өлкесінің кəзіргі таңдағы мал шаруашылығының ветеринариялық емдеу тәсілдерін талқылау, ұсыныстар қарау.

Аталмыш шараға Ақтөбе, Нұр - Сұлтан қалаларының арнайы мамандар келді. Жиынды МО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Қалдығұлов ашып, жүргізіп отырды. Жиында ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ускенов Рашит Бақытжанұлы жəне Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылыми қызметкері Асанов Жансерік Бекболтаұлы МО ветеринария басқармасы басшысы м.а Исағали Көшкінбаев жəне де осы саланың мамандары, шаруа қожалық иелері қатысты. Жиында ғалымдар Маңғыстау облысының мал шаруашылығы саласындағы түрлі аурулар мен сырқаттар жайында өз ойларын ортаға салды.

Рашит Бақытжанұлы : "Біздің ветеринариялық препараттарды көтерем малдар мен ауырып тұрған жануарларға толық пайдалануға болады. Ресейден шығатын бұл дәрілік заттар он бес жылдан бері әлемдік ветеринария кеңістігінде мойындалды. Сондықтан бүгінгі таңда Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында жүйелі түрде жүріп жатыр. Маңғыстаудағы жағдай мəз емес." деді.

Жиын барысында Зум арқылы əр ауданнан шаруа қожалық иелері тікелей эфирде сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.