Аурулардың алдын алу - өзекті мәселе !

Аурулардың алдын алу - өзекті мәселе !

            Облыста соңғы жылдары жауын-шашын болмау себебінен қуаңшылық орын алды. Соның салдарынан жыл басынан бері 1 160 бас мал (мүйізді ірі қара – 48 бас, мүйізді ұсақ мал – 503 бас, түйе – 66 бас, жылқы – 543 бас) өліп шығын болды.

Облыстық ветеринария басқармасына аудандық ветеринариялық станциялардан келіп түскен мәліметтерге сәйкес, күні бүгінге дейін азықтандырудың жеткіліксіздігінен облыс бойынша өліп, шығын болған малдарға ішінара патолого-анатомиялық жарып-сою жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, патолого-анатомиялық (өлекседегі) өзгерістер мынадай болды:

Малдардың жалпы арықтығы (көтеремдігі). Жатқан кездегі жерге тірелетін сүйек бұрыштарының тесілуі (пролежнь). Тері асты клетчаткасында майдың жоқ болуы (құрғақ). Бұлшық еттердің семуі. Паренхиматозды органдар мен эндокринді бездер көлемінің кішіреюі. Тері асты клетчаткасында, жүректе, бүйректе – сары сұйық (студенистый инфильтрат) жиналуы, ішінде (брюшная полость) және өкпе аумағында да сары сұйықтық (транссудат), жалпы, өкпеде – ісіну ошақтары және ателектаз байқалады.

Сондай-ақ, көтерем малдарға да ішінара (барлығы 1158 бас малға) клиникалық байқап-қарау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, малдардың көтеремдігінің үш сатыдан тұратын сыртқы белгілері байқалды, яғни:

1-саты. Малдың салмағының 15-20%-ға төмендеуі. Аштық белгісі (берген азықты ашқарақтана жеуі) байқалады. Ауыз қуысының, т.б. кілегей қабығы (слизистая оболочка) анемиясы және сарғыштануы. Әлсіздік, т.б.

2-саты. Малдың салмағының 20-30%-ға төмендеуі. Әлсіздік және жүрісінің тәлтіректеуі. Ауыз қуысының, т.б. кілегей қабығы (слизистая оболочка) - анемия, құрғауы және түсі көкшілденуі. Жүні - ұйысқан, өңі мен жылтырлығы төмендеген. Дем алуы мен температурасының төмендеуі. Ішек-қарын жүйесі жұмысының бұзылуы. Іш қату мен іш өту – кезектесе байқалады.

3-саты. Малдың салмағының 30-40%-ға төмендеуі. Жатқан орыннан тұра алмауы. Жүні - ұйысқан, өңі мен жылтырлығын жоғалтқан. Тәбет жоқ. Ішек-қарын жүйесі перистатикасы өте әлсіз, құмалағы өте құрғақ. Дем алуы мен температурасының төмендеуі. Жүрек соғуы әлсіз. Тері және сіңір рефлексі (сезуі) әлсіз немесе мүлдем жоқ. Малдың жалпы жағдай өте ауыр, өлу мүмкіндігі анық байқалады.

Сонымен, патолого-анатомиялық (өлекседегі) өзгерістер және көтерем малдарға жүргізілген клиникалық байқап-қарау жұмыстары нәтижесінде, ветстанса және Басқарма мамандарымен АЛИМЕНТАРЛЫҚ ДИСТРОФИЯ алдын ала диагнозы қойылды және шаруашылықтар мен мал иелеріне төмендегідей ұсыныстар берілді:

Объектілерде (қораларда) зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау. Малды толыққанды қоректендіру (азықтандыру) (полноценное, полнорационное кормление). Әлсіз малдарға – оңай қорытылатын сұлы, арпа, қарай бидай быламығын (көже), сондай-ақ жұмсақ және свежий шөптер (жоңышқа, т.б.) беру. Тым әсіздеріне  - тамырға 30% глюкоза немесе Рингер-Локк ерітіндісін құю (күніне 3 реттен).

Сонымен бірге, әлсіз және өлген малдардан ветеринариялық зертханаларға қан – биохимиялық зерттеуге, кетонды заттардың мөлшерін, т.б. анықтау үшін барлығы 62 дана  биологиялық және патологиялық материалдар (сынамалар) жолданды.

Жүргізілген жұмыстар  көрсетіп отырғандай, облыс аумағында жануарлар арасында мал шығынына себеп болатындай аса қауіпті және жұқпалы аурулар анықталған жоқ.

Жергілікті ветеринариялық зертханалар көтерем малдардың қан сынамаларына биохимиялық зерттеулер жүргізді және онда жергілікті ветеринариялық қызметтің алдын ала қойған АЛИМЕНТАРЛЫҚ ДИСТРОФИЯ диагнозы расталды.

Сондай-ақ, «ВҰРО» РМК және «РВЗ» РМК-нен мамандар келіп, Республикалық деңгейде зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдарды алу жұмыстары жүргізілуде.

АШМ қолдауымен Үкімет резервінен облыстық ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басы үшін мал азығына жұмсалатын шығындардың ішінара өтеуге қаржы бөлінген.

Қазіргі таңда аудан және ауыл әкімдерінің өкімімен мал басын түгендеу бойынша арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ