Ақтау қаласы, Мұнайлы және Түпқараған аудандарында сәуір айында ветеринариялық – профилактикалық іс – шаралар жоспарының және АШЖБ жұмыстарына ішкі бақылау жұмысы туралы

Ақтау қаласы, Мұнайлы және Түпқараған аудандарында сәуір айында ветеринариялық – профилактикалық  іс – шаралар  жоспарының және АШЖБ жұмыстарына ішкі бақылау жұмысы туралы

Облыстық ветеринария басқарма өкілдерімен ағымдағы жылдың сәуір айына бекітілген жоспарға сәйкес Ақтау қаласы, Мұнайлы және Түпқараған аудандарында   көктемгі ветеринариялық – профилактикалық  іс – шаралар  мен Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жұмыстарына ішкі бақылау жүргізілді.

 

Бақылау барысында аталған қала, аудан ветстанция басшылары мен ветпункт меңгерушілері және барлық мамандарының қатысуымен жиналыс өткізіліп, онда көктемгі ветеринариялық – профилактикалық  іс – шаралар  мен бірдейлендіру жұмыстарын мезгілінде және сапалы орындалуына назар аударылды.

 

Қала, аудандық ветстанциялар бойынша вакцинация, диагностика жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Орындалысы алдағы айларда да бақылауда болады.