Облыс тұрғындары мен мал шаруашылықтары басшылары назарына! Жұқпалы аурулардың таралуынан сақ болайық!

Облыс тұрғындары мен мал шаруашылықтары басшылары назарына! Жұқпалы аурулардың таралуынан сақ болайық!

Облысымызда жануарлар арасында аса қауіпті аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында, әр аумақтағы эпизоотиялық жағдайға байланысты, жануарлардың белгілі бір бөлігіне ветеринариялық препараттар мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынады және төмендегі ауруларға қарсы вакцинациялау (егу) іс-шаралары ақысыз негізде (тегін) жүргізіледі:

п/н

Ауру атаулары

Егілетін және аллергиялық, маллеинизациялау арқылы тексерілетін жануарлардың түрлері

Егу мерзімдері, 2021 жыл

1

Құтыру ауруына қарсы

Ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе, ит, мысық (вакцинациялау)

қыркүйек-қазан

2

Пастереллез ауруына қарсы

Ұсақ мал (вакцинациялау)

сәуір-мамыр

3

Сібір жарасы ауруына қарсы

Ірі қара мал, түйе, (вакцинациялау)

сәуір-мамыр, қыркүйек-қазан

Жылқы (вакцинациялау)

сәуір-маусым, тамыз-қараша

ұсақ мал  (вакцинациялау)

мамыр, қыркүйек-қараша

4

Эхинококкоз ауруына қарсы

Етқоректілер  (вакцинациялау)

наурыз, маусым,қыркүйек, қараша

5

Күл ауруына қарсы

Ұсақ мал (вакцинациялау)

сәуір, маусым, тамыз-қараша

Түйе (вакцинациялау)

тамыз-қараша

6

Брадзоты, анаэробты энтеротоксемиясы

Ұсақ мал (вакцинациялау)

наурыз-мамыр, қазан.

7

Оба ауруына қарсы

Түйе (вакцинациялау)

мамыр-шілде

8

Маңқаға қарсы

Жылқы (маллеиниациялау)

сәуір,тамыз-қараша

9

Туберкулин

Ірі қара мал, түйе (аллергиялық зерттеу)

сәуір-мамыр, қазан-қараша

Облыстың барлық аудандары мен қалаларының аумағындағы ауыл шаруашылық субъектілерінің барлығында ауыл шаруашылық жануарларының алдын алу жұмыстарымен қатар диагностикалық (бруцеллезге және т.б. қан сынамасын алу) ветеринариялық іс-шаралар ақысыз негізде (тегін) жүргізіледі.

Аудан, қала атауы

Ветеринариялық станса атауы

Мекен-жайлары; Байланыс телефондары

1

Ақтау қаласы

«Ақтау қалалық ветеринариялық стансасы» КММ

3 «Б» ш/а, «Гулдана» БО, 4 қабат, № 302 кеңсе; 8(7292) 50-40-41,52-42-32.

2

Жаңаөзен қаласы

«Жаңаөзен қалалық ветеринариялық стансасы» МКК

Жаңаөзен қ., «Жалын» ш/а №8с-т; 8(72934) 72-9-56.

3

Бейнеу ауданы

«Бейнеуветсервис» МКК

Бейнеу а.,  Молдағұлова көшесі,  №1-а ғ-т;

8(72 932) 2-25-83, 2-25-80.

4

Қарақия ауданы

«Қарақия аудандық ветеринария стансасы» КММ

Қарақия а., с.Құрық, Досан Батыр көшесі, №6 ғ-т; 8(72937) 2-10-21.

5

Маңғыстау ауданы

«Маңғыстау аудандық ветеринариялық стансасы» МКК

Маңғыстау а., с.Шетпе, Құрылысшы көшесі; №1/3 ғ-т 8(72931) 2-16-18, 2-23-63.

6

Мұнайлы ауданы

«Мұнайлы аудандық ветеринария стансасы» КММ

Мұнайлы а.,с.Баянды, Ж.Нұрлаев көшесі, №49 ғ-т; 8(7292) 30-40-28.

7

Түпқараған ауданы

«Түпқараған аудандық ветеринариялық стансасы» КММ

Форт-Шевченко қ, Онгалбайулы көшесі, №1 ғ-т; 8(72938) 2-21-56, 2-21-28.

Іс-шараларды төменде көрсетілген ветеринариялық стансалардың мамандары жүргізеді:

 

Атқарылып жатқан ветеринариялық санитариялық алдын алу шаралары туралы облыс тұрғындарын хабардар ете отырып, тұрғындардың өздерінің тараптарынан мына жағдайларды назарға алып, орын алған жағдайда дереу ветеринария мамандарына хабарлауын және мүлтіксіз орындауын сұраймыз:

- мал иелері міндетті түрде ішкі сауда обектілерінне тірідей сатуға бағытталған малдарына заң талаптарына сай ветеринариялық анықтама алу;

- мал иелері жаңадан малды сатып алынған жағдайда, немесе басқа жағдаймен иеленген жағдайда міндетті түрде учаскелік ветеринарға хабардар ету;

- жануарлардың өлімі және ауруға шалдыққаны туралы ақпарды дереу хабарлау;

- жануарлардың өлімі туралы ақпаратты жасырмау;

- жануарлардың өлекселерін қоқыс тастайтын жерде және басқа орындарда көмілуіне жол бермеу;

- ауру жануарлардан алынған ет, сүт және басқа өнімдерді адамдардың тағамға пайдалануын болдырмау;

- жануарларды сою алдында ветеринариялық қараудан өткізбей сатылуына жол бермеу;

- ауыл шаруашылық жануарларын союды тек қана ет өңдеу мекемелерінде, сою пунктері мен алаңдарында жүргізуді;

- ветеринариялық- санитариялық сараптамадан өтпеген жануар текті өнімдер мен шикізаттардың сатылуына жол бермеу;

- бақылауға жататын тамақ өнімдерін міндетті түрде ветеринариялық анықтама және ветеринариялық сертификат ілеспе құжаттарымен бірге алып жүрулеріңіз қажет.

Аталған талаптарды орындау ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қол жеткізеді деген сенімдеміз.