«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ БОС ӘКІМШІЛІК ОРЫНҒА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ТҮПҚАРАҒАН АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНЕ БОС ӘКІМШІЛІК ОРЫНҒА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Басшы қызметіне (А1-3).

Лауазымдық жалақысы - 99863-121082 теңгеге дейін.

Қызметтік міндеттері: Мекеменің қаржылық-шаруашылық, ұйымдық-кадрлық және ветеринариялық қызметіне басшылық жасайды, ұйымдастырады және осылар бойынша  ҚР Заңнамалары талаптарының  сақталуын қамтамасыз етеді, нәтижесіне жауапты болады. Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады, үйлестіреді. Қажеттілігіне қарай, облыстық ветеринария басқармасының аудан (қала) бойынша өкілі мен іс сапарға келген қызметкерлерін автокөлікпен қамтамасыз етеді. Мекеме құзіретіне қатысты туындаған мәселелерді (жергілікті жерде шешуге болатын проблемалар, арыз-шағымдар, даулы мәселелер, т.б.) өз бетімен және білікті мекеме мамандарын тарта отырып, қарайды және шешеді. Мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, жеткізушілер, тапсырыс берушілер және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ, шаруашылық және еңбек келісімшарттарының  орындалуын қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге уақтылы және толық көлемде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді. Сотта, арбитражда, мемлекеттік органдарда мекеменің кәсіби және мүліктік мүдделерін қорғайды. Қызметкерлерінің өз лауазымдық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (ветеринариялық анықтама беру, ветеринариялық паспорт беру) мен жеке және заңды тұлғалардың  өтінімдерін қарау бойынша заңнамалардың сақталуын қамтамсыз етеді. Мекеме қызметіне қатысты жоспарлар, өтінімдер, есептіліктер мен ақпараттардың мерзімінде әрі сапалы жасақталуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді. Мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  бойынша шараларды қабылдайды,  Ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Түпқараған ауданы аумағында жануарлардың ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, жүргізу, ветеринариялық препараттарды тасымалдау және сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және оның электронды базасын жүргізу, мал қорымдарын күтіп-ұстау, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою, ветеринариялық анықтама беру,  биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу, ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызметтерді мерзімдерінде әрі тиісті заңнамаларға сәйкес жүргізуді қамтамасыз етеді және нәтижесіне жауапты болады. Ветеринариялық пункттердің қызметкерлерімен жүргізілетін жоспарлы және жоспардан тыс  ветеринариялық іс-шаралардың іске асырылуы барысына және өткізілген іс-шаралар бойынша актілер,тізімдер, т.б. тиісті құжаттардың мерзімдерінде әрі дұрыс толтырылуына  жүйелі түрде ішкі бақылауды жүргізеді.

Қойылатын талаптары: (Ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, мемлекеттік мекеменің өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін,  азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын; ветеринария мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, жануарларға арналған дәрілік заттарды және дезинфекциялық заттарды қолдану қағидаларын, зертханалық зерттеулер әдістемелерін, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін білуі тиісті.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының ветеринария басқармасына тапсырылуы тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Түйіндеме;
  3. Еркін нысанды жазылған өмірбаян;
  4. Белгіленген тәртіппен куәландырылған еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі немесе жұмыс орнына қабылданғаны және одан босатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
  5. Белгіленген тәртіппен куәландырылған білімі туралы қонаттардың көшірмесі;
  6. Денсаулығы туралы анықтама;

Конкурсқа қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде мына мекенжайдa: Ақтау қаласы, 22 шағын аудан, №14 ғимарат,  1 қабат.

Анықтама телефоны: 8 7292 (60-50-12).

«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ» ММ