ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ЖАТАТЫН НЫСАНДАР мен КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА !

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ЖАТАТЫН НЫСАНДАР мен КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА !

   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 268-VI ҚРЗ (28.10.2019ж.) заңы (бұдан әрі - Өзгерту-толықтыру заңы) талабына сәйкес, 2019 жылдың 16.11.2019ж. күніне дейін аудан, қала әкімдіктерінің ветеринария бөлімдері жүргізіп келген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» (бұдан әрі – «Ветеринариялық-санитариялық қорытынды») және «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» (бұдан әрі - «Есептік нөмір») функциялары (мемлекеттік көрсетілетін қызметтері) жергілікті атқарушы органнан алынып,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық, аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының құзіретіне (функциясына) берілді.

       Осыған сәйкес, ашатын қызметтері мен нысандарына (объектілеріне) «Ветеринариялық-санитариялық қорытынды» мен «Есептік нөмір» алғысы келетін азаматтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық, аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларына хабарласу (өтініштер беру) қажеттігі қаперге беріледі.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ