Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны электронды түрде алуға болады

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны  электронды түрде алуға болады

           ҚР «Ветеринария туралы» заңына сәйкес,   ет, сүт, жұмыртқа, балық, ара балы және олардың өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптамадан (ВСС) өткізбей сатуға тиым салынған.
       Тамақ өнімдерінің сараптамасы арнайы ВСС зертханаларында жүргізіледі. Қазіргі уақытта ВСС зертханаларын  заңды тұлғалар мен олардың мамандандырылған бөлімшелері құра алады және қызмет лицензияланатын қызмет түріне жатады. ВВС қызметіне лицензияны электронды түрде алуға болады. Лицензияны электронды түрде алудың қағаз түрінде алудан артықшылықтары :  қызмет алушының уақытын үнемдейді,  қызмет алушы мен қызмет беруші арасында тікелей байланысты болдырмайды, яғни, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды. Лицензия алуға өтінімдерді egov.kz және www.elisense.kz порталдары арқылы беруге болады.