Көктемнің алғашқы күні Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының өкілі Б.Нұржауов, Қарақия аудандық ветеринариялық станция қызметкерлері аумақтық инспекция басшыларымен бірге 2021 жылға жоспарға сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу дауалау, диагностикалау және ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру іс-шараларының дайындығына жиналыс өткізіліп пысықталды және хаттамалық тапсырмалар берілді. Барлық облыстық ветеринарларға, міндет ортақ болғандықтан оны абыроймен атқарып ел қауіпсіздігін сақтауға барынша күш жігер жұмсап, оң нәтижелерге жетуге сәттілік болсын.
Облыста ауыл шаруашылығын қолдау жөніндегі іс-шараларын түсіндіру тобымен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (АШЖБ) сырғалау, чиптеу жұмыстары және оларды дерекқорға енгізу, сондай-ақ көктемгі ветеринариялық іс-шаралардың мерзімінде сапалы жүргізу туралы мәселелерді Түпқараған және Мұнайлы аудандарындағы ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, аталған аудандардағы ветеринариялық профилактикалық іс-шаралардың көктемгі жұмыстарға дайындықтары және жаңа туған төлдерді бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу жөнінде талқыланды.
Облысымызда жануарлар арасында аса қауіпті аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында, әр аумақтағы эпизоотиялық жағдайға байланысты, жануарлардың белгілі бір бөлігіне ветеринариялық препараттар мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынады және төмендегі ауруларға қарсы вакцинациялау (егу) іс-шаралары ақысыз негізде (тегін) жүргізіледі:
п/н |
Ауру атаулары |
Егілетін және аллергиялық, маллеинизациялау арқылы тексерілетін жануарлардың түрлері |
Егу мерзімдері, 2021 жыл |
1 |
Құтыру ауруына қарсы |
Ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе, ит, мысық (вакцинациялау) |
қыркүйек-қазан |
2 |
Пастереллез ауруына қарсы |
Ұсақ мал (вакцинациялау) |
сәуір-мамыр |
3 |
Сібір жарасы ауруына қарсы |
Ірі қара мал, түйе, (вакцинациялау) |
сәуір-мамыр, қыркүйек-қазан |
Жылқы (вакцинациялау) |
сәуір-маусым, тамыз-қараша |
||
ұсақ мал (вакцинациялау) |
мамыр, қыркүйек-қараша |
||
4 |
Эхинококкоз ауруына қарсы |
Етқоректілер (вакцинациялау) |
наурыз, маусым,қыркүйек, қараша |
5 |
Күл ауруына қарсы |
Ұсақ мал (вакцинациялау) |
сәуір, маусым, тамыз-қараша |
Түйе (вакцинациялау) |
тамыз-қараша |
||
6 |
Брадзоты, анаэробты энтеротоксемиясы |
Ұсақ мал (вакцинациялау) |
наурыз-мамыр, қазан. |
7 |
Оба ауруына қарсы |
Түйе (вакцинациялау) |
мамыр-шілде |
8 |
Маңқаға қарсы |
Жылқы (маллеиниациялау) |
сәуір,тамыз-қараша |
9 |
Туберкулин |
Ірі қара мал, түйе (аллергиялық зерттеу) |
сәуір-мамыр, қазан-қараша |
Облыстың барлық аудандары мен қалаларының аумағындағы ауыл шаруашылық субъектілерінің барлығында ауыл шаруашылық жануарларының алдын алу жұмыстарымен қатар диагностикалық (бруцеллезге және т.б. қан сынамасын алу) ветеринариялық іс-шаралар ақысыз негізде (тегін) жүргізіледі.
№ |
Аудан, қала атауы |
Ветеринариялық станса атауы |
Мекен-жайлары; Байланыс телефондары |
1 |
Ақтау қаласы |
«Ақтау қалалық ветеринариялық стансасы» КММ |
3 «Б» ш/а, «Гулдана» БО, 4 қабат, № 302 кеңсе; 8(7292) 50-40-41,52-42-32. |
2 |
Жаңаөзен қаласы |
«Жаңаөзен қалалық ветеринариялық стансасы» МКК |
Жаңаөзен қ., «Жалын» ш/а №8с-т; 8(72934) 72-9-56. |
3 |
Бейнеу ауданы |
«Бейнеуветсервис» МКК |
Бейнеу а., Молдағұлова көшесі, №1-а ғ-т; 8(72 932) 2-25-83, 2-25-80. |
4 |
Қарақия ауданы |
«Қарақия аудандық ветеринария стансасы» КММ |
Қарақия а., с.Құрық, Досан Батыр көшесі, №6 ғ-т; 8(72937) 2-10-21. |
5 |
Маңғыстау ауданы |
«Маңғыстау аудандық ветеринариялық стансасы» МКК |
Маңғыстау а., с.Шетпе, Құрылысшы көшесі; №1/3 ғ-т 8(72931) 2-16-18, 2-23-63. |
6 |
Мұнайлы ауданы |
«Мұнайлы аудандық ветеринария стансасы» КММ |
Мұнайлы а.,с.Баянды, Ж.Нұрлаев көшесі, №49 ғ-т; 8(7292) 30-40-28. |
7 |
Түпқараған ауданы |
«Түпқараған аудандық ветеринариялық стансасы» КММ |
Форт-Шевченко қ, Онгалбайулы көшесі, №1 ғ-т; 8(72938) 2-21-56, 2-21-28. |
Іс-шараларды төменде көрсетілген ветеринариялық стансалардың мамандары жүргізеді:
Атқарылып жатқан ветеринариялық санитариялық алдын алу шаралары туралы облыс тұрғындарын хабардар ете отырып, тұрғындардың өздерінің тараптарынан мына жағдайларды назарға алып, орын алған жағдайда дереу ветеринария мамандарына хабарлауын және мүлтіксіз орындауын сұраймыз:
- мал иелері міндетті түрде ішкі сауда обектілерінне тірідей сатуға бағытталған малдарына заң талаптарына сай ветеринариялық анықтама алу;
- мал иелері жаңадан малды сатып алынған жағдайда, немесе басқа жағдаймен иеленген жағдайда міндетті түрде учаскелік ветеринарға хабардар ету;
- жануарлардың өлімі және ауруға шалдыққаны туралы ақпарды дереу хабарлау;
- жануарлардың өлімі туралы ақпаратты жасырмау;
- жануарлардың өлекселерін қоқыс тастайтын жерде және басқа орындарда көмілуіне жол бермеу;
- ауру жануарлардан алынған ет, сүт және басқа өнімдерді адамдардың тағамға пайдалануын болдырмау;
- жануарларды сою алдында ветеринариялық қараудан өткізбей сатылуына жол бермеу;
- ауыл шаруашылық жануарларын союды тек қана ет өңдеу мекемелерінде, сою пунктері мен алаңдарында жүргізуді;
- ветеринариялық- санитариялық сараптамадан өтпеген жануар текті өнімдер мен шикізаттардың сатылуына жол бермеу;
- бақылауға жататын тамақ өнімдерін міндетті түрде ветеринариялық анықтама және ветеринариялық сертификат ілеспе құжаттарымен бірге алып жүрулеріңіз қажет.
Аталған талаптарды орындау ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қол жеткізеді деген сенімдеміз.
ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПТЫ ҚАРАУ – ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ !
Қазіргі уақытта ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігімен «Жануарларға жауапты қарау туралы» заң жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселе туралы өз алдына заң қажеттілігінің туындау себебі, әртүрлі салалар: мәдени ойын-сауық, ветеринария және иелерінің өз жануарларына қарым-қатынасында жануарларға жауапты, адамгершілік көзқараспен қарау принципі осыған дейін еліміздің ешбір заңында нақтыланып көрсетілмеген.
Сонымен бірге, мәселен ҚР «Ветеринария туралы» заңында жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдардың қаңғыбас ит-мысықтарды аулау-жою жұмыстарымен айналысатыны ғана айтылған, алайда бұл заңда «қаңғыбас жануар» анықтамасы, жануарларға жауапты қарау туралы мәселелер және т.б. талаптар көрсетілмеген.
Ал ҚР Азаматтық Кодексінде «қараусыз жануарлар» ұғымына анықтама берілген және ол туралы құқықтық режим біршама нақтыланған. Кодексте «Қараусыз жануарлар» ұғымына тек қаңғыбас ит-мысықтар ғана емес, сонымен қатар қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары, олар қолға түскен жағдайда, 6 ай мерзімде ауыл шарушылығы жануарларын, 2 ай мерзімде ит-мысықтарды иеленуге (пайдалануға) болмайтындығы көрсетілген.
Елімізде жануарларға қатысты 300-ге жуық құқықтық-нормативтік акт бар, бірақ бұл салада реттеу мәселесі қазіргі күнде әлсіз болып отыр. ҚР «Ветеринария туралы» заңы жануарлардың (және адамға ортақ) аса қауіпті, жұқпалы және жұқпалы емес аурулары мәселелерін реттеумен ғана шектеледі.
ҚР «Жануарлар әлемін пайдалану және өсіру туралы» заңы негізінен табиғи ортадағы жабайы жануарларға арналған. Ал «Жануарларға жауапты қарау туралы» заңы қараусыз жүрген барлық - үй (ит-мысық) және оған қоса, жабайы жануарлар мүдделерін де көздейді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 40-қа жуық қаңғыбас ит-мысықтарға арналған жеке паналар (приют) бар, алайда олар тиісті нақты реттеуші заңнама болмағандықтан тіркеле алмай отыр, тек қор немесе қоғамдық бірлестіктер ретінде ғана тіркелген. Оған қоса, қаңғыбас жануарлар паналарына арналған жер телімдері де жоқ, сондықтан олар жеке адамдардың жер телімдерінде құрылып жатыр.
Жануарларға арналған паналар құру (салу) – бұл қаңғыбас ит-мысықтар санын адамгершілік жолымен реттеудің бірден-бір қажетті шарасы. Жалпы, бұл мәселені реттеу үшін төмендегідей кешенді шаралар жүргізілуі тиіс: арнайы дерекқор жүргізе отырып, жануарларды есепке алу және тіркеу (оның ішінде үйсіз (қараусыз) жануарларды есепке алу мен тіркеу), чиптеу, вакцинациялау, қараусыз (қаңғыбас) жануарлар мен үй жануарларының 80 пайызын үздіксіз стерилизациялау, халыққа түсіндіру-ағарту жұмыстары, құқықтық негіздер қалыптастыру, сондай-ақ осындай іс-шараларды жүзеге асыру үшін паналар желісін (сети приютов) құру және т.б.
Мәселен, Грузия елінде қаңғыбас жануарларға жауапты қарау және оларды паналату мен стерилизациялау нәтижесінде, бастапқы 40 000 ит саны 5 жылдан кейін 20 000-ға түскен.
Сондықтан, жануарларға жауапты қарау, бұл – өркениет пен адамгершілік принципінен туындайтын қажетті іс-шара және бәріміздің ортақ міндетіміз болып табылады.
Басшы қызметіне (А1-3).
Лауазымдық жалақысы - 99863-121082 теңгеге дейін.
Қызметтік міндеттері: Мекеменің қаржылық-шаруашылық, ұйымдық-кадрлық және ветеринариялық қызметіне басшылық жасайды, ұйымдастырады және осылар бойынша ҚР Заңнамалары талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, нәтижесіне жауапты болады. Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады, үйлестіреді. Қажеттілігіне қарай, облыстық ветеринария басқармасының аудан (қала) бойынша өкілі мен іс сапарға келген қызметкерлерін автокөлікпен қамтамасыз етеді. Мекеме құзіретіне қатысты туындаған мәселелерді (жергілікті жерде шешуге болатын проблемалар, арыз-шағымдар, даулы мәселелер, т.б.) өз бетімен және білікті мекеме мамандарын тарта отырып, қарайды және шешеді. Мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, жеткізушілер, тапсырыс берушілер және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ, шаруашылық және еңбек келісімшарттарының орындалуын қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге уақтылы және толық көлемде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді. Сотта, арбитражда, мемлекеттік органдарда мекеменің кәсіби және мүліктік мүдделерін қорғайды. Қызметкерлерінің өз лауазымдық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (ветеринариялық анықтама беру, ветеринариялық паспорт беру) мен жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін қарау бойынша заңнамалардың сақталуын қамтамсыз етеді. Мекеме қызметіне қатысты жоспарлар, өтінімдер, есептіліктер мен ақпараттардың мерзімінде әрі сапалы жасақталуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді. Мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шараларды қабылдайды, Ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Түпқараған ауданы аумағында жануарлардың ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, жүргізу, ветеринариялық препараттарды тасымалдау және сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және оның электронды базасын жүргізу, мал қорымдарын күтіп-ұстау, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою, ветеринариялық анықтама беру, биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу, ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызметтерді мерзімдерінде әрі тиісті заңнамаларға сәйкес жүргізуді қамтамасыз етеді және нәтижесіне жауапты болады. Ветеринариялық пункттердің қызметкерлерімен жүргізілетін жоспарлы және жоспардан тыс ветеринариялық іс-шаралардың іске асырылуы барысына және өткізілген іс-шаралар бойынша актілер,тізімдер, т.б. тиісті құжаттардың мерзімдерінде әрі дұрыс толтырылуына жүйелі түрде ішкі бақылауды жүргізеді.
Қойылатын талаптары: (Ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім және кәсіби қызмет бағыты бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, мемлекеттік мекеменің өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларын; ветеринария мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, жануарларға арналған дәрілік заттарды және дезинфекциялық заттарды қолдану қағидаларын, зертханалық зерттеулер әдістемелерін, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін білуі тиісті.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының ветеринария басқармасына тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде мына мекенжайдa: Ақтау қаласы, 22 шағын аудан, №14 ғимарат, 1 қабат.
Анықтама телефоны: 8 7292 (60-50-12).
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ» ММ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 268-VI ҚРЗ (28.10.2019ж.) заңы (бұдан әрі - Өзгерту-толықтыру заңы) талабына сәйкес, 2019 жылдың 16.11.2019ж. күніне дейін аудан, қала әкімдіктерінің ветеринария бөлімдері жүргізіп келген «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» (бұдан әрі – «Ветеринариялық-санитариялық қорытынды») және «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» (бұдан әрі - «Есептік нөмір») функциялары (мемлекеттік көрсетілетін қызметтері) жергілікті атқарушы органнан алынып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық, аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының құзіретіне (функциясына) берілді.
Осыған сәйкес, ашатын қызметтері мен нысандарына (объектілеріне) «Ветеринариялық-санитариялық қорытынды» мен «Есептік нөмір» алғысы келетін азаматтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық, аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларына хабарласу (өтініштер беру) қажеттігі қаперге беріледі.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ
ҚР «Ветеринария туралы» заңына сәйкес, ет, сүт, жұмыртқа, балық, ара балы және олардың өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптамадан (ВСС) өткізбей сатуға тиым салынған.
Тамақ өнімдерінің сараптамасы арнайы ВСС зертханаларында жүргізіледі. Қазіргі уақытта ВСС зертханаларын заңды тұлғалар мен олардың мамандандырылған бөлімшелері құра алады және қызмет лицензияланатын қызмет түріне жатады. ВВС қызметіне лицензияны электронды түрде алуға болады. Лицензияны электронды түрде алудың қағаз түрінде алудан артықшылықтары : қызмет алушының уақытын үнемдейді, қызмет алушы мен қызмет беруші арасында тікелей байланысты болдырмайды, яғни, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды. Лицензия алуға өтінімдерді egov.kz және www.elisense.kz порталдары арқылы беруге болады.
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймыз! Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Біз үшін өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің, тәлім-тағылымдарыңыздың орны ерекше! Облыстың ветеринария саласының дамуына өз үлестеріңізді қосып, іздеріңізден жас мамандардың буынын тәрбиелеп өсірдіңіздер.!
Сіздерді атаулы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Маңғыстау облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының ұжымы.
2020 жылы ресми түрде екі облыста, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жоғары патогенді құс тұмауы тіркелген. Ресми ақпараттарға сүйенсек, эпизоотиялық жағдай осы аумақтарда күрделене түскен және ол жақтан өнім жеткізуге тыйым салынған. Бұл жабайы құстардың көші-қоны мен жоғары патогенді құс тұмауының ықтимал қауіптерінің салдарын көрсетеді.
Жалпы, құс тұмауы деген не? Құс тұмауы – бұл тыныс алу жолдарына, ас қорыту жүйесіне залал келтіретін қауіптілігі жоғары құстардың жұқпалы ауруы. Құс тұмауының штаммдары жоғары деңгейдегі уыттылыққа ие және түрленуге бейім болғандықтан, қауіптілігі аса жоғары инфекциялардың қатарына жатқызылады.
Құстардағы ауру белгілері. Ауру құстардың жұмыртқалау қабілеті азаяды, суды шөліркеп ішеді, қауырсындары ұйпаланып, шырышты қабықшаларында қызарғандық байқалады. Тезегі жасыл түстеніп, іші өтуі байқалады. Жүргенде сеңделіп, діріл пайда болуы мүмкін. Мұрын тесіктерінде жалқаяқ қатып, өлгеннен соң айдары мен сырғасында көгергендік (цианоз) білінеді. Өлген құсты сою барысында тыныс алу жолдары және ас қорыту жүйесінде, сонымен қатар бүйректері мен бауырында көп мөлшердегі қанталауды көруге болады.
Адамдардағы аурудың белгілері. Құстардан ауру жұқтырған адамдарда төмендегідей белгілерді көруге болады: қалтырау (дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтерілу), безгек ұстау, бас ауруы, құрғақ жөтел, жұтқыншақтың қабынуы (фарингит), бұлшық ет аурулары, көз ауруы (конъюнктивит). Ауру асқынғанда немесе ауыр күйде өткенде, адам құсады, демалысы қиындайды, арты өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Өкпе ауруына ұшырайды, тіпті, кейбір жағдайда терең ұйқыға ұқсас ес-түссіздікке әкеліп соқтыруы да мүмкін.
Ауру құстарды емдеуге бола ма? Өкінішке орай, ауру құстарды емдеудің тәсілдері жоқ болғандықтан, олар жойылады. Сондықтан, алдын алу ережелерін ұстану өте маңызды:
Шаруашылықта (жеке шаруашылығында) құстары бар жеке тұлғалар мынадай талаптарды қатаң сақтауы қажет:
1) үй құстарының жабайы, әсiресе суда жүзетiн құстармен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;
2) аулада құс ұстау қажет болған жағдайда, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың нұсқауы бойынша жабық түрде ұстауға көшiру;
3) құстың ауру және өлу жағдайы туралы дереу тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлау;
4) жабайы құстармен бiрге көлдердiң маңайынан радиусi 5 шақырым көлемiнде үй құстарын бағуға немесе жаюға жол бермеу.
Шаруашылықта құстары бар заңды тұлғалар мынадай:
1) құстардың жабайы, әсiресе суда жүзетiн құстармен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;
2) радиусi 5 (бес) шақырымда құстардан бос аймақ құру;
3) қажет болған жағдайда құстарды жабық типтi режимде ұстауға көшiру;
4) iндеттiк аурулар бойынша қолайлылығы тиiстi ветеринариялық құжаттармен бекiтiлген шаруашылықтардан құстарды енгiзу (шығару, араластыру);
5) шаруашылық жүргізуші субъектiлерде қолайлылықты сақтау, қажет болған жағдайда оларға дезинфекция жүргiзу;
6) құстарды өсiру және ұстау технологиясын сақтау;
7) құстың ауру және өлу жағдайы туралы жедел тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң ветеринариялық санитариялық инспекторына хабарлау;
8) құстарды әртүрлi жануарлармен, әсiресе шошқалармен бiрге ұстауға жол бермеу талаптарын қатаң сақтауы қажет.
1) Заңды тұлға немесе оның мамандандырылған бөлімшесі жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау қызметімен айналысу үшін ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі - ВСҚ) алуға ҚР АШМ ВБжҚК аудан, қала аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – Инспекция) өтініш береді. Инспекция ҚР АШМ № 7-1/453 (21.05.2015ж.) б.б. Қағида, ҚР АШМ № 7-1/832 (18.09.2015ж.) б.б.Талап және басқа нормативтік-құқықтық актілерде көзделген ретте, ВССЗ ветеринариялық талаптарға сай болса, өтініш берушіге ВСҚ береді.
2) ҚР АШМ № 7-1/69 (30.01.2015ж.) б.б. Тізбе бойынша, ВССЗ ашу үшін қажетті мамандар (әр ВССЗ үшін кемінде 2 маман):
- кемінде 3 жыл стажы бар жоғары білімді ветеринар дәрігер,
- ветеринар дәрігер немесе ветеринар фельдшер.
3) ВСҚ алған тұлға жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау қызметіне (ВССЗ ашуға) Лицензия алу үшін Маңғыстау облысының ветеринария басқармасына арнайы Өтінішпен қоса, ҚР заңнамаларында көзделген ретте мәліметтер мен құжаттар тапсырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтік барлық сатысы (өтініш беру, рәсімдеу, нәтижесін беру, т.б.) электронды түрде жүргізіледі.
Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832
2-параграф. Ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар
1) ет және ет өнімдерін, жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерін (бөлек жұмыс үстелдері бар) сараптауға арналған;
2) балық және балық өнімдерін сараптауға арналған;
3) сүт және сүт өнімдерін, балды, өсімдік шикізатын (бөлек жұмыс үстелдері бар) сараптауға арналған;
4) мүкәммалды жууға арналған;
5) конфискатты сақтау үшін тоңазытқыш жабдықтары бар, ет және ет өнімдерін залалсыздандыруға арналған;
6) дезинфекциялау және жуу құралдарын, мүкәммалды сақтауға арналған;
7) персоналға арналған санитариялық және тұрмыстық үй-жайлар.
Объектілерде ет ұшаларын, ет өнімдерін және басқа өнімдерді уақытша сақтау үшін оқшауланған тоңазытқыш камерасы мен ет, ет өнімдерін және конфискаттарды зарарсыздандыру үшін автоклав орналастырылуға тиіс. Автоклав болмаған жағдайда зарарсыздандыруды ашық қазандықта жүргізуге рұқсат етіледі.
Айына бір рет санитариялық күн өткізіліп, барлық үй-жайлар күрделі жиналып,
дезинфекцияланады және қажет болған жағдайда дератизация және дезинсекция жүргізіледі.
Пайдаланылатын химиялық реактивтер дайындалған уақыты мен жарамдылық мерзімі көрсетіліп таңбаланады.