Елді мекендердегі жайылым жерлердің тапшылығы жөнінде мәселені талқылау негізінде жиналыс өтті

Елді мекендердегі жайылым жерлердің тапшылығы жөнінде мәселені талқылау негізінде жиналыс өтті

Ағымдағы жылдың 26-шы қарашасында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Ж.Құлжановтың төрағалығымен елді мекендердегі жайылым жерлердің тапшылығы жөнінде мәселені талқылау негізінде жиналыс өтті.
Аталған жиналысқа өңірдегі жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларына жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарлары қатысып, жиналыс барысында әр ауданның жайылым жерлері бойынша мәселелері қаралды және жерлерді резервке қалдыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Жиналыс қорытындысымен берілген тапсырмалардың өзектілігін ескере отырып, жұмыстарды жеделдету қажеттігі атап өтілді.