Жер қатынастары заңнамаларына түсінік беру мақсатында семинар өткізілді

Жер қатынастары заңнамаларына түсінік беру мақсатында семинар өткізілді

Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының ұйымдастыруымен қалалық, аудандық жер қатынастары бөлімдерінің, ауылдық округтер, ауылдық әкімдіктердің жер қатынастары саласындағы мамандарының қатысуымен Жер кодексіне сәйкес жер заңнамаларын, "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығын түсіндіру мақсатында семинар кеңес өткізілді. Семинарда жер саласындағы заң талаптары қатысушыларға түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға заң шеңберінде жауап берілді.