Қарақияда жолды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қарақияда жолды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қарақияда жолды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қарақия ауданында жолды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес, өңірдегі бірнеше маңызды бағыттағы автожолды жөндеу және күреу жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, Жаңаөзен – Аққұдық – Үстірт – Төлеп және Жаңаөзен – Жарма – Ұштаған бағыттарында көктем және күз айларында ағымдағы жөндеу және жолдарды күтіп ұстау жұмыстары жоспарланған.

Қазіргі таңда ұзындығы 85 шақырымды құрайтын «Сенек – Аққұдық» бағытындағы жолдың 45 шақырымы – грейдер, 40 шақырымы – қара жол ретінде күреліп жатыр.

Бұл жобаның мердігер мекемесі — «БекАктауГазСнаб» ЖШС. Қазіргі кезде Бостан ауылдық округі аумағындағы күреу жұмыстары бір автогрейдер техникасымен жүзеге асырылып жатыр.

Жол жөндеу жұмысы өңірдегі көлік қатынасының сапасын арттырып, шалғай ауылдарға қатынасты жеңілдетуге және жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.