«Таза Қазақстан»: Ақтауда экологиялық шара өтуде

«Таза Қазақстан»: Ақтауда экологиялық шара өтуде

«Таза Қазақстан»: Ақтауда экологиялық шара өтуде

Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Taza.likee» ЖШС мен «Жасыл мектеп» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен экологиялық шара өтуде, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара аясында қала тұрғындары полиэтилен, пластик бөтелкелер мен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге өткізіп, белсенділік танытуда. Акцияның басты мақсаты – қаланың тазалығын жақсарту, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру дейді ұйымдастырушылар.

–Әрбір қала тұрғыны алдағы үш апта бойы 1А-шағын ауданға келіп, тұрмыстық қалдықтарын тапсыра алады. Қалдық өткізгендерге арнайы сый да қарастырылған, – деді «Taza.Likee» ЖШС директоры Ирина Татиева.

Экологиялық акцияның алғашқы күнінде 400 кг-ға жуық тұрмыстық қатты қалдық жиналды. Тазалық шарасы 1-шағын аудан «Дана» супермаркетіне қарама-қарсы жол жиегінде, сенбі күндері ұйымдастырылады.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan