Маңғыстауда бұл көктем бұрынғыдан өзгерек
Наурыз-сәуір айларындағы елеулі оқиғалар
22 наурыз күні Маңғыстауда әлемдік рекорд орнады. Ұлыстың ұлы күні қазақтың ұлттық киімін киген 5000 адам жиналып, «Қазақ ұлттық киіммен ең көп адам жиналысы» номинациясы бойынша Гиннесс рекордын орнатты.
23 наурыз күні 2018 жылдан бері жұмысы тұралап қалған Бейнеу астық терминалы қайта іске қосылды.
5 сәуір күні Маңғыстауда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
10 сәуір күні Құрық теңіз портындағы Саржа терминалының айлағында құрғақ жүк тасымалдауға арналған жаңа кеме суға жіберілді.
13 сәуір күні Маңғыстау облысындағы «Бозжыра» шатқалында визит-орталықтың алғашқы қазығы қағылды.
14 сәуірде Мұнайлы ауданындағы «Маңғыстау» теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары басталды. Сондай-ақ, «Шетпе» және «Бейнеу» вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.