Ақтауда республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңдері қорытындыланды

Ақтауда республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңдері қорытындыланды

Ақтауда республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңдері қорытындыланды

Ақтау қаласындағы «Абай» атындағы мәдени-демалыс кешенінде 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың және ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңдерінің жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шарада 456 оқушы марапатталды. 79 оқушы І орын, 120 оқушы ІІ орын, 257 оқушы ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен медальдар табысталды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін «Ең үздік олимпиадалық команда - 2024» номинациясы табысталды. І орын және 200 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен - Ақтау қаласының командасы, ІІ орын және 150 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен - «Білім-инновация» лицей-интернатының командасы және ІІІ орын және 100 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен – Мұнайлы ауданының командасы марапатталды.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін «Ең үздік ауыл мектебі-2024» номинациясы берілді. І орын және 150 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен - Мұнайлы ауданы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп, ІІ орын және 120 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен - Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейі және ІІІ орын және 80 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен – Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейі марапатталды.

Үздік нәтиже көрсеткен мектептер рейтингісі бойынша «Олимпиаданың жаңа есімдерін дайындаушы үздік мектеп-2024» номинациясы және 100 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен - Ақтау қаласы, Н. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі марапатталды.

Ал жас дарындарды тәрбиелегені үшін «Олимп шыңына жетелеуші» атағы және 50 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы берілді. Сыйақы Жаңаөзен қаласы, Абай Құнанбаев атындағы №19 жалпы білім беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі Хусан Алимбековке, Ақтау қаласы Нәсіпқали Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейдің орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айжан Койшибаеваға берілді

«Ең жас қатысушы - 2024» номинациясымен француз тілі пәнінен Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Маджикова Линара және химия пәнінен Жаңаөзен "Білім-инновация" лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Әкімбай Ернұр марапатталды.

Зияткерлік даму деңгейі жоғары, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген келесі талантты ұстаздарға «2023 жылдың үздік педагогі» атағы берілді. Бұл атақты Жаңаөзен «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Қуаныш Жаппар, Ақтау қаласы, №19 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ардақ Корганбаева, Ақтау қаласы, Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Марат Атаназаров, Мұнайлы ауданы, №3 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гулнар Мухаммедова, Ақтау қаласы, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Айнагул Абилшеева алды.

«Ең жас қатысушы - 2024» номинациясымен француз тілі пәнінен Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Маджикова Линара және химия пәнінен Жаңаөзен «Білім-инновация»лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Әкімбай Ернұр марапатталды.