«Ұлттық қор — балаларға»:елімізде балалардың жеке жинақ шоты ашылады

«Ұлттық қор — балаларға»:елімізде балалардың жеке жинақ шоты ашылады

«Ұлттық қор — балаларға»:елімізде балалардың жеке жинақ шоты ашылады

 

Қазақстанда кәмелет жасқа толғанға дейін балалардың мақсатты жинақ шоттарына   Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінен қаражат  аударып тұру жоспарлануда. Яғни қорға түсетін инвестициялық табыстың 50 пайызы жыл сайын 18 жасқа толмаған балалардың жеке шоттарына теңдей аударылып отырады.

 Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор - балаларға» жобасы ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Қоғамдық Коммуникация орталығы «Отбасы банк» АҚ Маңғыстау облыстық филиалына сілтеме жасап.

 

Жинақ қаржыны тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және білім алуға жұмсай алады.  Бұл ретте табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Есепті жылы барлық балалар қаржыны бірдей мөлшерде алады.  Бұл туралы, 2024 жылдың 16 қаңтарында қордың баспасөз қызметі хабарлады.

 

- БЖЗҚ жобасының операторы «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша алғашқы аудармаларды алатын қазақстандықтардың тізімін жасап қойды, 2024 жылы 18 жасқа толатындарды қосқанда 7 миллионға жуық бала ақша алады. Қазір тізім тексеріліп жатыр, - деді БЖЗҚ баспасөз қызметі.