Ақтаудағы өзге ұлт оқушылары қазақ тілінен республикалық олимипадада жүлдегер атанды

Ақтаудағы өзге ұлт оқушылары қазақ тілінен республикалық олимипадада жүлдегер атанды

Ақтаудағы өзге ұлт оқушылары қазақ тілінен республикалық олимипадада жүлдегер атанды

Ақтаудағы өзге ұлт оқушылары қазақ тілінен республикалық олимипадада жүлдегер атанды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт өкілдерінің оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық олимпиадасын өткізді. Қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиадасы ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйегінде www.games.daryn.kz платформасында өткізілді.

Олимпиадаға республика бойынша 16 856 мектеп оқушылары қатысты. Олимпиадаға Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

І орын иегерлері 9 сынып оқушысы Артем Бедарев, 10 сынып оқушысы Варвара Мухалева. ІІ орын иегерлері 8 сынып оқушысы Фериде Мутиева, 9 сынып оқушылары Амина Гасанова және Мехти Сафаров. 11 оқушысы Фатима Хамхоева ІІІ орын иегері атанды.
 
- Қарым-қатынас, зияткерлік және рухани даму құралы ретінде мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытатын, лингвистикалық бағыттағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдауды мақсат еткен олимпиада біздің мектептің миссиясы мен ұстанымына да сай келеді. Оқушылардың да қазақ тілін үйренуге деген ынтасы өте жоғары. Олимпиадаға дайындық барысында оқушылар пән мұғалімдерімен бірге лексика-грамматика бойынша дайындалып, жақсы нәтижеге қол жеткізді,- дейді қазақ тілі пәні мұғалімі Мөлдір Нагимуллина
 
Жеңімпаздар «Дарын» РҒПО-ның I, II, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.