«Отбасы банк» салымшылары 10% көлемінде өтемақы ала алады
Салымшылар өтемақыны банкке бармай-ақ онлайн ала алады. Ол үшін өтінішті «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы немесе «Баспана маркет» порталындағы (www.otbasybank.kz) жеке кабинеттерінде ЭЦҚ мен QR-кодсыз жіберуге болады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ Маңғыстау облысы филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Сармысова хабарлады.
Сондай-ақ «Отбасы банк» кеңесшілері де өтініштерді қабылдаумен айналысады.
Спикердің айтуынша, өтемақы өтініш берген салымшыларға ғана төленеді.
-Өтемақы салымшыларға 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін, «Отбасы банкіне» ақша түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде депозиттерге аударылады. Өтемақы алу үшін бөлек шот ашудың қажеті жоқ. Отбасы банкіндегі депозиттер бойынша өтемақы алу туралы өтініштерді қабылдау 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін (қоса алғанда) жалғасады,-деді Гүлмира Сармысова.
2022 жылдың 24 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі кезеңде (қоса алғанда) төменде көрсетілген жағдайлар бойынша өтемақы төленбейді:
- депозит жабылса;
- депозит кепіл ретінде болған, ізінше несие салымның тоқтатылуымен толық өтелген жағдайда;
- депозит бойынша тұрғын үй заемына көшкен, оның ішінде автоматты түрде көшкен салымдар бойынша;
- онлайн табыстау арқылы сатылған немесе сатып алынған депозиттер бойынша.
Сондай-ақ, балалар үшін ашылған депозитке де өтемақы алуға болады.
- Балаларының салымдары бойынша мемлекеттен 10% көлемінде өтемақы алу үшін ата-аналар немесе олардың заңды өкілдері Отбаса банк кеңесшілеріне хабарласуы қажет. Ол үшін жақын жердегі кеңес беру орталығына бару қажет немесе үйге кеңесші шақыру керек. Банк кеңесшілері туралы мәліметті https://hcsbk.kz/ru/network-agents/ сайтынан табуға болады. Өтініштер 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қабылданады,-деді Гүлмира Сармысова.